Home » Новости » О книгах проекта «20 ЖЫЛДЫҚҚА – 20+2 КІТАП»

«Әл-Фарабидің парасат жайлы ілімі «Қайырымды қала тұрғындары» деп аталатын еңбегінде баяндалған. Елбасы болған адамның бойында он екі түрлі қасиеттің болуы туралы ойын баяндап таратуынан Әл-Фарабидің парасатты адам жайлы ой танымының желісі анық аңғарылып тұрады. Қоғамның саналы әр мүшесінің осы жаңа ой танымның негізінде бой түзеуін көздейді.

Осы танымды ұстанып, өзін өзі рухани жағынан тазартуға ұмтылған саналы пенде ғана мақсатына жету жолына түсе алмақ. Әл-Фараби ілімінің күші мен мән-мағнасы осында жатыр».

Мекемтас МЫРЗАХМЕТҰЛЫ,
ҚР Мемлекеттік сыйлығының, Халықаралық Түрік еліне қызмет сыйлығының иегері, Абайтанушы, профессор

«Ежелгі Қытай елінің бұдан екі жарым мың жыл бұрын жасаған ғұлама ойшылы, ханзу жұртының тарихтағы осыншама ұлылығына ұйтқы болған батагөй әулие – Кұңдзы – Кұңфудзыны – Конфуцийдің ғақылия сөздерін табиғи, таза қалпында қазақ халқының игілігіне жарату.

Кұңфудзыны танып білу – ханзу жұрты мен біздің сонау ғұн, баба-түрік заманындағы тарихи, рухани тамырластығымызды айқындауға ғана емес, қазақтың өзінің өткенін тануына, қазақ сөз өнерінің, оның ішінде қазақ билерінің шешендік үлгісінің мән-мағнасын, әлемдік деңгейі мен маңызын байыптауға септесері күмәнсіз. Басқаны былай қойғанда, батыстың ұлылары тұрыпты ғой, жүн-жыбырына дейін қазақшаға көшірдік, сондықтан әлемдік өркениеттің бастау көзінде тұрған Кұңфудзыны мүлде білмеу – тек қана орыс ықпалымен болған отарлық күндер көлеңкесі, енді олқының орнын толтырып, қайтадан шығысқа қарай бет бұрып, терістен тазару һәм рухани жаңғыру жайын ойлауымыз қажет».

Мұхтар Мағауин,
жазушы, зерттеуші ғалым, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

«Құтадғу білік» – мұсылман иделогиясына негізделген, сол идеологияны насихаттайтын, түркі тілінде жазылған жалғыз еңбек. Дастанда қай заманда болсын барлық ғалымдарды толғандырып келген жалпы адами идеялердың, ізгі мұраттар мен ойлардың өзіндік ерекше көркем де, аса айшықты бейнеленуі – поэманың сарқылмас рухани қазына көзі екендігінің дәлелі».

Андрей КОНОНОВ,
академик-ғалым, филолог, түркітанушы

«Құтадғу білік» дастаны – әлем мәдениетіндегі таңғажайып құбылыс. Жүсіп Баласағұн өзінің шығармашылық данышпандығымен түркітілдес халықтар жалпыәлемдік мәдениеттің дамуына өз үлестерін қоса алатындығын дәлелдеді».

Азиз Нарынбаев,
философия ғылымының докторы, академик-ғалым

Оқиғаның шынайылығы және диалогтың сенімділігі – міне, трагедияның нағыз заңы. Шекспир қандай құдіретті адам десеңізші?! Шығармаларын оқығаннан кейін алған әсерлерімнен әлі де айыға алмай отырмын.

Александр Сергеевич ПУШКИН,
Ресей ақыны, классикалық орыс әдебиетінің негізін салушы

«Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ».

Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ,
ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы,
публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері

Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы – заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр.

Мұхтар ӘУЕЗОВ
қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері,
филология ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР ҒА-ның академигі

Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.
Қарадан хакім болған сендей жанның
Әлемнің құлағынан әні кетпес!
…Ай, жыл өтер, дүние көшін тартар,
Өлтіріп талай жанды, жүгін артар.
Көз ашып, жұртың ояу болған сайын,
Хакім ата, тыныш бол, қадірің артар.

Мағжан ЖҰМАБАЕВ,
Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, педагог-ғалым

Мағжанды сүйемін. Еуропалығын, жарқырағын, әшекейін сүйемін. Бүгінгі күннің бар жазушыларының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі.

Мұхтар ӘУЕЗОВ,
қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері,
филология ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР ҒАның академигі

«Ең алғашқы қазақ тарихи трагедиясы – Мұхтар Әуезовтың «Хан Кенесі» (1928).

Көркемдік қасиеттеріне келгенде, «Хан Кене» пьесасының көпсарындылық, полифониялық сипатын ерекше айту керек. Халық өмірінің ең бір күрделі, қиын, қанды кезеңіне арналған трагедиялық үлкен шығарма үшін бас-аяғы жиырма екі кейіпкердің алынуы туындының мейлінше ықшамдығын көрсетеді. Прологы бар, бес пердеден, ұзын саны қырық жеті көріністен тұратын пьеса драмалық жанрдың композицияға, характерге, психологиялық талдауға қоятын ең қатал шарт-талаптарына жауап береді. Мінездер қақтығысы, тағдырлар шарпылуы Шекспирлік биік деңгейде».

Рымғали НҰРҒАЛИ,
әдебиет танушы ғалым, жазушы, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері.

Зерттеу жұмысымен айналысуға мүмкіндік берерліктей болмашы ғана жағдайлар жасалғаннан кейін бірер жыл өтпей-ақ, күлден көтерілген Феникс сияқтанып қазақтың ұлт аспаптар оркестрі пайда болды. Мен Ахмет Қуанұлының көп дауысты ұлттық оркестрді құруы – аса елеулі, сонымен қатар тарихи еңбек деп санаймын. … Ұлт оркестрінің кіндік атасы – Ақаң.

Ғабит МҮСРЕПОВ,
жазушы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері,
Қазақ КСР ҒА академигі, Социалистік Еңбек Ері

А.Жұбанов қалдырған ғылыми, публицистикалық еңбектер біздің қымбат қазыналарымыз. «Ғасырлар пернесі» мен «Замана бұлбұлдары» қазақ музыкасына қойылған үлкен ескерткіш іспеттес.

Бисенғали ҒИЗАТОВ,
музыкатанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері

Отанға деген сүйіспеншілік – еліміздің келешегіне, оның кемел ұрпағына біздің аманат етер ең қасиетті өсиетіміз деп білейік.

Отанын Бауыржан Момышұлындай сүюді өнеге етіп қалдырған басқа қаламгер жоқ.

Ол: «Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындықтың белгісі. Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін! Отан үшін отқа түс – күймейсің. Опасызда Отан жоқ. Елсіз ер болмайды, жұртсыз жігіт болмайды», – дейді.

Біздің халқымыз, әсіресе, жастар осы қағидаларды естерінде ұстаса деймін.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ,
Қазақстан Республикасының Президенті

Ә.Кекiлбаевтың көркемдiк палитрасының қуаты мен қасиетi де осында – ол ежелгi аңыз-әңгiмелердi бүгiнгi күннiң елегiнен өткiзiп, тарихи-философиялық тұрғыдан екшеп отырады, сол аңыз-әңгiмелерден күллi адам баласына ортақ адамшылық тамырларды тауып отырады. Өткен күндер шындығына бүгiнгi күннiң жарық сәулесiн түсiредi. Кекiлбаевтың суреткер ретiндегi ерекшелiгiнiң бiр парасын осы төңiректен iздеуiмiз керек.

Герольд БЕЛЬГЕР,
казахстанский переводчик, прозаик, публицист, литературовед

Әбіш Кекілбайұлы – еліміздің рухани тіршілігінде болсын, саяси-әлеуметтік өмірінде болсын қайталанбас құбылыс. Ол – феномен. Ол – тұтас әлем. Ол айтқан сайын, қадалған сайын тереңдей түсетін шыңырау әлем. Ол шыңыраудан әлі талай ұрпақ сусындап, талай ұрпақ қуаттанары сөзсіз. Ол – рухани ұлы тұлға.

Темірхан МЕДЕТБЕК,
ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, қоғам қайраткері

Әкім Тарази әдебиетке өз соқпағын сала келді: небір терең ойлы, тағылымды әңгіме, хикаят, роман, пьесалар жазды; ешкімге ұқсамайтын, қайталанбайтын өз стилін, өз мінезін қалыптастырды; өзі өмір сүріп отырған дәуір адамдарымен де, өзінен кейінгі ұрпақпен де сырласа алатын, ұғыныса алатын кесек характерлер сомдады.

Әкім Тарази – ақиқатты бүкпесіз, ашық айтудан айнымаған, жалтақтауды, жалпақтауды білмейтін, дақпыртты, даурыққанды, желпініп-желіккенді жақтырмайтын, өзімен-өзі оңаша болғанды ұнататын; шығармашылық өнерге аса жауапкершілікпен қарайтын дара суреткер.

Әкім Тарази – сегіз қырлы, бір сырлы қаламгер, терең ойдың адамы, философ жазушы, кәнігі зерттеуші, тағылымды тарихшы, көне мұралардың бітікшісі.

Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ,
мемлекет қайраткері, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор

Ақын өз тағдырын, ақындық мұра­тын елінен, туған жерінен ешқашан бөліп қараған емес. Оның қай-қай өле­ңі­нен де бағзы бабалардың кемеңгерлігін, жырау­лық даңғылдығын, шешендігін, айтқыштығын, ілгеріні болжай алатын сәуегейлігін айна қатесіз танисыз. Әсіресе ақ өлең үлгісіндегі түнгі шалғынға тұяғын сүрткен сәйгүлігі («Азия алауы»), ат дүбірін түсінде сезініп, ұйықтап жатып жойқын жортуылда жүретін баба рухы («Аян берген түн»), «Жолы ауыр Асан туралы», «Назым Хикметтің өлімі», тіпті 80-жыл­дар басында кеңестік оқырманды қалың ұйқы­сынан сілкіп оятқан «Игорь жасағы туралы жыр» дастанының түп тамырына үңілген «Аз и Я» кітабы орысша жазылса-дағы, қазақ иісі аңқып тұрған, қа­лың елін мақтаныш сезіміне бөлеген айтулы шы­ғармалар.

Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ,
мемлекет қайраткері, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор

Қазақстанды әдеби тұрғыда әлем картасына енгізген дәл сол (Олжас Сүлейменов), себебі, ол шын мәнісіндегі алғашқы халықаралық қазақ жазушысы болды. Олжас қазақтар туралы көп жазды және сол жазғандарымен бүкіл әлемді қызықтыра алды. Мәскеуліктердің оның кітаптарын қалай дүкен сөрелерінен сыпырып-сиырып алып кеткендері менің есімде. Ал, «Аз и Я» кітабы туралы ештеңе айта алмаймын, бұл менің пір тұтар кітабым…

Бақыт КЕНЖЕЕВ
Ақын, Прозаик. Қазақстан Жастар Одағы,
«Русская премия», «Антибукер» сыйлықтарының лауреаты.

Таңғажайып театр!.. Иә, шынында да, ғажайып әлем емес пе, ұлы мәртебелі театр өнері! Тыныққыңыз, тазарғыңыз келсе, ойға шомып, қиялға батқыңыз келсе, өнерді аңсарыңыз бек ақиқат. Міне, ылғи да өз көрермендерін эстетикалық, рухани-мәдени ләззатқа кенелтіп келе жатқан осынау кіршіксіз де киелі дүниежүзілік театр өнерінің тылсым кереметтерінің нағыз жан дауасына айналғанына үш мың жылдың бедері болыпты. Сол таңғажайыппен көрісіп-тілдесу үшін ұлы өнердің нұрлы да сырлы сахнасы қазақ театрының ғажайып әлеміне саяхат жасап көрелік… («Таңғажайып театр» кітабының алғысөзінен)

Әшірбек СЫҒАЙ,
ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, өнертанушы, профессор

«Парасат майданы» күнделік иесі мен бейтаныс құрбы арасындағы өмір туралы таңғажайып әңгіме. Зұлымдық пен ізгіліктен тұратын мына әлем ақ пен қараның шайқасы ғой. Төлен жалпы адамзаттық кеңістікте ой қозғаса, мен өз үйшігіме кіріп алып, «Парасат майданы» арқылы өз ғұмырымның ақ-қарасын ажыратуға тырысамын.

Ізгілік нұры сөнбеуі тиіс. Оған Төлен Әбдік сияқты қаламгерлердің шығармалары көп көмек көрсетеді.

Жәркен БӨДЕШ,
ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты

Мен «Жұлдыз» журналында істеп жүргенде, 1989 жылы Мұхтар Мағауиннің алдында отырған кезінде, Мұхаң мұртын бір ширатып қойып: «Оралхан біздің классик жазушымыз ғой. Прозаны осылай жазу керек», — деп айтып еді. Сол айтып отырғаны «Атау кере» екен. Артынша «Атау керені» бердік. Ол кезде «Жұлдыз» 130 мың данаға жуық тиражбен тарайды. Журналдың арқасында «Атау кере» оқырманға біршама танылды.

Асқар АЛТАЙ,
жазушы, «Алаш» халықаралық сыйлығының лауреаты

Алғаш әдебиетке келген кезінде жазушы Дулат Исабековтің өзгелерге ұқсамайтын бір ерекшелігі болды. Ол – Тіршілік атты тулаған теңіздің табанында жатқан кейіпкерлерді тауып алатын жазушы екен. Адам елей бермейтін, көптеген қаламгерлер жанынан жәй ғана өте беретін кейіпкерлер болады. Ал Дулат Исабеков сол кейіпкерлерді байқап, соның адами қасиетін мөлдіретіп қағаз бетіне түсіре білуімен дараланады.

Смағұл ЕЛУБАЙ,
жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Роза әңгімелерін оқи бастасаң бас көтертпейді. Оның бірінші себебі – автордың қаламынан төгілген сөз қуаты болар. Роза әңгімелеріндегі оқиғалар жалаң болмайды, әрқайсысында қоғамдық, әлеуметтік, моральдік, саяси астар беріп отырады.

Әзілхан НҰРШАЙЫҚОВ,
Қазақстанның Халық жазушысы

Роза Мұқанова шы­ғармаларын адамның жанына үңілуден туындатады. Адамның жаны үлкен қасіретте ба­рынша ашылады. Роза адам қолымен жа­­­салған хайуани қасіреттен адами мағына іздейді. Сезімге тиетін детальдар табады.

Жүсіпбек ҚОРҒАСБЕК,
«Тарлан – Үміт» сыйлығының иегері,
Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері

Л.Н. Толстой – великая русская душа, светоч, воссиявший на земле сто лет назад, – озарил юность моего поколения. В душных сумерках угасавшего столетия он стал для нас путеводной звездой; к нему устремлялись наши юные сердца; он был нашим прибежищем. Вместе со всеми – а таких много во Франции, для кого он был больше, чем любимым художником, для кого он был другом, лучшим, а то и единственным, настоящим другом среди всех мастеров европейского искусства.

Ромен РОЛЛАН,
французский писатель, общественный деятель, учёный-музыковед.
Лауреат Нобелевской премии по литературе

Меня поражает, как А.П. Чехов моложе тридцати лет мог написать «Скучную историю», «Княгиню», «На пути», «Холодную кровь», «Тину», «Хористку», «Тиф»… Кроме художественного таланта, изумляет во всех этих рассказах знание жизни, глубокое проникновение в человеческую душу в такие еще молодые годы.

Иван Алексеевич БУНИН,
русский писатель и поэт,
лауреат Нобелевской премии по литературе.

«Казахская традиционная музыка и ХХ век» – это тот счастливый случай, когда академическое научное издание представляет собой увлекательную книгу, от которой трудно оторваться. Надеемся, после ее прочтения вы откроете для себя удивительный мир кочевой культуры, по-настоящему услышите казахскую народную музыку, постигнете ее колоссальную духовную энергию и полюбите ее всем сердцем – что и есть главная цель авторов замечательной книги. Сами они через любовь к родной музыке смогли придти к глубокому постижению ее смыслов и законов, сделать крупные научные открытия и не только в области музыкознания. Труды их имеют непреходящую научную ценность для разных областей гуманитарного знания, и в этом – их эвристическая сущность.

Гульзада ОМАРОВА,
доктор искусствоведения, профессор

Лютеция ИЗМАЙЛОВА,
кандидат искусствоведения, профессор

Художественное наследие Кастеева – это летопись грандиозных свершений республики. Творчество Кастеева неотделимо от Казахстана, пронизано любовью к родной земле.

Любовь Георгиевна Плахотная,
исусствовед

Добавить комментарий

Вход через соцсети

Ресурсы

polpred_banner


 

Архивы

Адрес: 010008 Астана қ., Тәуелсіздік, 50
E-mail: librarykazuniart@mail.ru
Яндекс.Метрика