Home » Республикалық ресурстар

  • Қазақстанның музыкалық мұрасы http://musicheritage.nlrk.kz/. Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «Қазақстанның музыкалық мұрасы» жобасы. Басылымның мақсаты Қазақстанның музыкалық шығармаларының үздік үлгілерімен грампластиналардың ең құнды даналарын цифрлау болды. Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының бірегей қорында 21 мыңнан астам дана грампластинкалар бар, оның ішінде 3 574 басылымды «Қазақтаника»қоры құрайды. CD-ROMa құрастырушысы Қазақстандағы ЮНЕСКО өкілдігінің техникалық қолдауымен ҚР Ұлттық кітапханасы болып табылады.
  • ҚазҰЭК (http://kazneb.kz/) – портал, кітаптардың электронды көшірмелерінің коллекциясы Қазақстанның көптеген кітапханалары ұсынатын қорлар есебінен толықтырылады, оның ішінде: Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасы, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми орталығы, облыстық кітапханалар, жоғары оқу орындары кітапханалары және жеке авторлар: белгілі ғалымдар, жазушылар, қоғам қайраткерлер. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында шығарылған кітаптар ҚазҰЭК электрондық сақтау қоймасына түсудің маңызды көзі болды.
  • Сайт http://proza.kz/. Сайт авторлардың өз шығармалары мен әдеби аудармаларын жариялауға арналған қазақстандық әдеби сервис болып табылады.  Сайтта авторлар әдеби сарапшылардан пікір ала алады.
  • Портал «Қазақстан тарихы» http://e-history.kz/kz. Порталда сіз Қазақстан Республикасының тарихы, археологиясы және этнографиясы бойынша ғылыми мақалалар мен жарияланымдар, монографиялар мен ұжымдық басылымдар, диссертациялық зерттеулер таба аласыз.
  • Қазақстанның ашық кітапханасы http://www.ikitap.kz/. Қазақстанның ашық кітапханасы немесе iKitap.kz – қазақ әдебиеті мен Қазақстан ғылымының, өнері мен сан-саладағы шығармашылық жәдігерлерін заңды негізде бір жерге жинақтап, насихаттауды мақсат ететін онлайн кітапхана жобасы. Кітапхана қорында 4000 мыңнан астам шығарма, 200-ден аса автор, 100-ге жуық аудиокітаптар мен аудиоматериалдар жинақталған. Кітапхананың ажырамас бөлігі ретінде «Қазақ тілінің әмбебап сөздігі» қызмет етеді.
  • «Қазақстанның қазіргі әдебиеті» электрондық кітапханасы http://doc.nlrk.kz/. Қазақстан Республикасы Ұлттық Кітапханасының Жобасы. Электрондық кітапхана қазіргі заманғы Қазақстандық әдебиет қорына он-лайн режимінде ашық қолжетімділікке ықпал етеді. Кітапхананың басты міндеттерінің бірі халықты оқуға тарту арқылы біздің елімізде оқудың беделін арттыру, жас ұрпақты оқу идеясына баулу және өзіндік мәдениетімізді сақтау болып табылады. Кітапхана Қазақстан авторларының әдебиеттерін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынады.
  • «Қазақ классикалық әдебиеті» электрондық кітапханасы http://classic.nlrk.kz/. Электронды кітапхана оқырмандарға қазақ авторларының қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі классикалық әдебиеттерін ұсынады.
  • Абай өмірі мен шығармашылығы туралы сайт http://www.abay.nabrk.kz/. Сайт ұлы ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушыға арналған.
  • Онлайн-кітапхана «Әдебиет порталы» http://adebiportal.kz/. Әдеби портал – қазақстандық және шетелдік авторлардың шығармаларының бірегей Интернет-ресурсы. Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде қолжетімді. Жоба аясында қазақстандық және шетелдік жазушылармен қазақ және әлемдік әдебиет туралы сұхбат жүргізу, қазақ әдебиетін басқа тілдерге аудару.

 

About

Пікір үстеу

Әлеуметтік желі арқылы кіру

Ресурстар

polpred_banner


 

Мұрағаттар

Мекен-жайы: 010008 Астана қ., Тәуелсіздік, 50
E-mail: librarykazuniart@mail.ru
Яндекс.Метрика