Home » Жаңалықтар » Кездесу!

Кітапхана – рухани жаңғыру және диалог алаңы. Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы әлемдегі ең дамыған отыз елдің қатарына қосылу мақсатын айқындап берді. Оны біз ғылым мен мәдениеттің дамуы арқылы іске асырамыз. Мәдени өміріміздің рухани құралы – кітап. Қазақ ұлттық өнер университетінің кітапханасына осы бағдарламаға сай 900-ден астам оқулық және ғылыми әдебиеттер келіп түсті. Кітапханада отыздан аса көпшілік іс-шара өтіп, оған 60794 адам қатысты. Елбасы дәстүрлі мәдениетті жаңғырту, өз халқының тарихи тәжірибесіне жүгіне отырып рухани құндылықтарын өскелең ұрпақтың бойына дарытуды атап көрсетті. Осы орайда кітапхана – тәрбие мектебі.

Студенттердің өзін тұлға  және маман ретінде дамуына Қазақ Ұлттық Өнер университетінде «Өнертану» кафедрасы бөлімінің Кинотеледраматургия мамандығы бойынша 3 курс студенті Мұратбек Жақсылықтың «Ақпараттық-кітапхана қызметі мерзімді басылымдар» жанынан ашқан «Тұлғатану» клубы жұмыс жасайды.  Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін талдаудан бастау алған бұл жоба, бүгінгі күні көптеген тұлғаларды өнерлі жастарымызға танытып, сүбелі сұхбаттарымен сусындатып келеді. Осы уақытқа дейін жиырма отырыс өтті. Атап айтсақ:

–  Оралхан Бөкейдің өнегелі өміріне арналған кездесу кеші.

– «Жазу – мінәжат» Мұқанова Роза Қажығалымқызы, жазушы, драматург, ұлағатты ұстаз, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, кездесу.

–  Қазақстанның Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, белгілі айтыскер ақын Надежда Лушникованың өнегелі өмірі мен шығармашылығына арналған кездесу және т.б.

Барлық кездесулер қызықты да мазмұнды өтті. Жиырма бірінші ғасыр – білім ғасыры. Осы орайда Н.Назарбаев университетінің аға оқытушысы, Азия және Европа елдерінің университеттерінде сабақ берген, медицина ғылымының докторы, нейробиология ғылымының философия докторы, әлемнің жеті тілін меңгерген Тұрсынжан Тоқаймен кедесуді атап өтуге болады.

Осындай  іс-шаралардың бірі  – жазушы, филология ғылымдарының докторы, абайтанушы, әуезовтанушы, алаштанушы, профессор, Тұрсын Құдакелдіұлы Жұртбаймен өнегелі өмірі мен шығармашылығына арналған келелі кездесу. Кездесу барысында жастар, бала кездегі Тұрсын Жұртбайдың аға кезіне дейінгі тағдырлы жолдарымен таныс болды. Әкенің білімін жүз мектеп те бере алмайтынын, сол бір балалық кезде айтқан әке тәрбиесін, бүгінгі даналық кезінде түсіне бастағаны жайлы кеңінен толғады. Соның ішінде әкесі айтқан үш өсиетке ерекше тоқталып, «біріншісі-өзің жеткенше көшіңді итке арт, өзің жеткен соң көшіңді тарт, екіншісі-балам ешқашан кісіге ант беруші болма, анттың ол дүниедегі сұрауы қатты болады, ал үшінші-өмірде көп адамдармен араласасың, әртүрлі күй кешесің бірақ мынаны есіңде ұста жақсы алтын басын исе – жақсылықпен жауап бер» деп әңгіме өрбітті. Келген көпшілік студенттер мен ұстаздар сұхбат барысында өз сұрақтарының да жауабын алды. Кеш соңында ізденімпаз жастар келесі кездесуді де асыға күтетіндерін жасырмады…

Әкеден қалған өсиет өсіп келе жатқан барлық ұрпаққа үлгі, өнеге болады деп сенеміз…. Елбасының даналықпен айтқан ұрпақ сабақтастығы деген осы болар!

Пікір үстеу

Әлеуметтік желі арқылы кіру

Ресурстар

polpred_banner


 

Мұрағаттар

Мекен-жайы: 010008 Астана қ., Тәуелсіздік, 50
E-mail: librarykazuniart@mail.ru
Яндекс.Метрика