Home » Жаңалықтар » «ОҚЫ. ШАБЫТТАН. ЖАСА» байқауының жүлдегерлердің марапаттау рәсімі

27.04.18 III Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрменкесінде өткен «ОҚЫ. ШАБЫТТАН. ЖАСА» байқауының жүлдегерлердің марапаттау рәсімі өтті.

«Поэзия» номинациясы бойынша Дипломмен өлеңдер топтамасы үшін Манарбек Қыдырбай, «Кинотеледраматургия» мамандығының 4 курс студенті марапатталды.

«Поэзия» номинациясы бойынша Байқауға қатысқаны үшін Алғыс хат «Кинотеледраматургия» мамандығы 1 курс студенттері Бақталант Ұлықпанға, Жақсылық Мұратбекке берілді.

«Проза» номинациясы бойынша Дипломмен «Ұлттық кино жəне əдебиет» мақаласы жəне «Жансебіл» атты эссесі үшін «Кинотеледраматургия» мамандығының 1 курс магистранты Жанат Жайлыбай марапатталды.

«Проза» номинациясы бойынша Байқауға қатысқаны үшін Алғыс хат «Кинотеледраматургия» мамандығының 2 курс студенті Айгөлек Өмірбекке, «Кинотану» мамандығының 4 курс студенті Назгүл Ақшаловаға, «Драма актеры» мамандығының 1 курс студенті Жәңгір Тәңірбергенге берілді.

«Драматургия» номинациясы бойынша «Скрипкашы» драмасы үшін «Кинотеледраматургия» мамандығының 1 курс студенттеріне: Мұхтар Өміртай, Арна Ризабек, Әйгерім Отарбаева, Қыран Жеңіс, Айгөлек Өмірбек – демеушілерден кітап сыйға берілді. Ұстазы – жазушы-драматург, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», профессор Роза Мұқановаға шәкірттерін шыңдауға қосқан үлесі үшін сертификат берілді.

«Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша Дипломмен «Жаңа бастау» мүсін топтамасы үшін «Мүсін» мамандығының 2 курс студенті Мүсірепов Сырым марапатталды.

«Ұмай ана», «Тəңір» атты графикалық туындысы үшін «Анимациялық кино режиссурасы» мамандығының 1 курс студенті Елдана Аймухаметова;

«Керуен» графикалық туындысы үшін «Қолданбалы өнер» мамандығының 1 курс студенті Бақытжан Күнгей;

«Қара шаңырақ», «Жауынгер» графикалық туындысы үшін «Қолданбалы өнер» мамандығының 1 курс студенті Бақытжан Усембеков марапатталды.

«Сценография» номинациясы бойынша Дипломмен А.П. Чеховтің «Шие бағы» қойылымын сахналық безендіру жобасы үшін «Сценография» мамандығының 2 курс студенті Мөлдір Азнабаева; У.Шекспирдің «Король Лир», «Макбет» қойылымдарының сахналық безендіру жобасы үшін «Сценография» мамандығының 4 курс студенті Дамегүл Адильбекова марапатталды.

«Киім дизайны» номинациясы бойынша Дипломмен «Кестелі» киім топтамасы үшін «Киім дизайны» мамандығының 4 курс студенті Жамал Назгүл (Жетекшісі – Кошенова Ақерке Қамбарбековна) марапатталды.

«Сылдырмақ» және «ЭКСПО» топтамалары үшін «Киім дизайны» мамандығының 4 курс студенттері Аманжолова Айзада, Ембергенова Мая (Жетекшісі – Кошенова Ақерке Қамбарбековна) марапатталды.
Ұлттық нақыштағы үздік киім топтамасы үшін «Сценография» мамандығының 3 курс студенті Қастеева Айсанам (жетекшісі – Сырбаева Алма Абильмажиновна) марапатталды.

«Дәстүрлі музыкалық шығарманы насихаттау» номинациясы бойынша Дипломмен Арқа өңірінің әндерін үздік орындағаны үшін Дәстүрлі ән мамандығының 2 курс студенті Сағатов Дәулеткелді (Жетекшісі – Нығызбаев Айбек) марапатталды.

Маңғыстаудың дәстүрлі әндерін үздік орындағаны үшін Дәстүрлі ән мамандығының 1 курс студенті Тобағабылова Ақбота (Жетекшісі – Айгүл Қосанова);

Сыр өңірінің жырларын үздік орындағаны үшін Дәстүрлі ән мамандығының 4 курс студенті Айнұр Қонысбаева (Жетекшісі – Елмұра Жанабергенова) марапатталды.

«Дәстүрлі музыкалық өнер факультетінің «Жыр-айтыс» мамандығының 1 курс студенті Жексенбай Аманбек «ОҚЫ. ШАБЫТТАН. ЖАСА» байқауына белсенді қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. (Ұстазы – Еркебұлан Қайназаров)

Пікір үстеу

Әлеуметтік желі арқылы кіру

Ресурстар

polpred_banner


 

Мұрағаттар

Мекен-жайы: 010008 Астана қ., Тәуелсіздік, 50
E-mail: librarykazuniart@mail.ru
Яндекс.Метрика