Home » Жаңалықтар » Оралхан Бөкей шығармашылығына кіріспе

Ақпараттық-кітапхана қызметі жастар арасында кітап оқуды сәнге айналдыру, отандық және әлемдік әдебиеттің терең мұраларын танып-білген, рухани дүниемен сусындаған, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру мақсатында «20 жылдыққа – 20 сабақ» жобасын жүргізе бастады.

Сабақ кітапхананың мерзімді басылымдар залында әрбір сәрсенбі күндері өткізіліп келеді.

2018 жылдың кезекті сабағы 28 наурызда «Оралхан Бөкей шығармашылығына кіріспе. «Атау кере» романы» тақырыбында  дәріс түрінде өтті. Дәрісті Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы, ақын Ұларбек Нұрғалым жүргізді.

Ұларбек Нұрғалым жазушы шығармалары арқылы қоғам өмірінің өзекті мәселелерін, рух тазалығын, жалпы адам проблемасын өткір көтергендігіне тоқталып,  «Атау кере» романындағы кейіпкер есімдеріне ерекше мән бере отырып өте қызықты талдау жасады.

Оралхан Бөкей ұлттың жоқшысы бола отырып, «Атау кере» арқылы ұлтқа тығырықтан шығар жол көрсетеді. Ішкілікке салынған Таған образы арқылы қазақты қасіреттен шығарудың бағытын меңзейді.

Бұл ретте Ұларбек Нұрғалым былайша ой тербейді: «Жалпы, адамдардың бөгделенуі, тамырынан ажырап қалу тақырыбы –  мәдениеттің тоғысынан туындайтын, адамдардың психологиясында болатын салғырттық, өзінің тегінен жеру, ұлттық мәдениетке деген ішкі қайшылық қазіргі өмірде анық көрініс тауып отыр. Қаламгер осы мәселені дөп болжап, ескертуде…».

Қазақ көркем сөз өнеріне өшпес таңба, өлмес туынды қалдырған Оралхан Бөкейдің шығармашылық жолы қашанда туған елінің назарында, зерек оқырманның ойында, әдебиеттанушылардың зерттеу объектісінде болары анық. Мұндай мазмұнды сабақтың жастар үшін берері мол.

Қызықты сабақ өткізген, оқырманның ойын селт еткізіп, шығарманы қайта оқуға жетелеген Ұларбек Нұрғалымға шығармашылық табыс тілеп, биіктен көріне беруіне ниеттес болып тарадық!

2018 жылдың кезекті сабағы 28 наурызда «Оралхан Бөкей шығармашылығына кіріспе. «Атау кере» романы» тақырыбында  дәріс түрінде өтті. Дәрісті Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы, ақын Ұларбек Нұрғалым жүргізді.

Ұларбек Нұрғалым жазушы шығармалары арқылы қоғам өмірінің өзекті мәселелерін, рух тазалығын, жалпы адам проблемасын өткір көтергендігіне тоқталып,  «Атау кере» романындағы кейіпкер есімдеріне ерекше мән бере отырып өте қызықты талдау жасады.

Пікір үстеу

Әлеуметтік желі арқылы кіру

Ресурстар

polpred_banner


 

Мұрағаттар

Мекен-жайы: 010008 Астана қ., Тәуелсіздік, 50
E-mail: librarykazuniart@mail.ru
Яндекс.Метрика