Home » Жаңалықтар » Кітапханаға сый!

Қазақ ұлттық өнер университеті Дәстүрлі музыкалық өнер факультеті, домбыра кафедрасының түлегі, өнертану ғылымдарының магистрі, Қарағанды қаласы №1-ші балалар музыка мектебінің оқытушысы Анықбеков Манап Бағдатұлы кітапханаға өзінің «Мағауия Хамзин: өмірі мен шығармашылығы» – атты 5 дана кітапты сыйға тарту етті. Кітап Қазақстан Республикасының Халық артисі, күйші – композитор Мағауия Хамзиннің өмірі мен шығармашылығы жайлы ғалымдар, зерттеушілер және көз көргендердің материалдарынан алынып жинақталған басылым. Құрастырушы М.Б. Анықбеков осы тақырыпта магистерлік диссертация жазып қорғаған.

Кітап жоғары оқу орындарының «Орындаушылық өнер тарихы», «Қазақ музыкасының тарихы» атты оқу бағдарламаларында қолдануға болады. Мағауия Хамзиннің шығармашылығы жайлы оқу орындарында педагогикалық мақсаттарды және ашық сабақтарды өзіндік бояуы мен орындалу мәнері бар Арқа күйлерін нақышына келтіріп орындауға және өнер сүйер қауымға арналған.

Пікір үстеу

Әлеуметтік желі арқылы кіру

Ресурстар

polpred_banner


 

Мұрағаттар

Мекен-жайы: 010008 Астана қ., Тәуелсіздік, 50
E-mail: librarykazuniart@mail.ru
Яндекс.Метрика