Home » Жаңалықтар » «Өмір – өзен»

«20 жылдыққа – 20 сабақ» жобасының 2017 жылғы соңғы сабағы 20 желтоқсанда өмірден ерте озған белгілі тележурналист Бейбіт Құсанбектің кітапхана қорындағы «Өмір – өзен» айдары аясында жазушы Төлен Әбдікпен түсірілген көрсетілімге арналды. Оқырмандарға ой салу мақсатында әр өнер адамының, қоғам қайраткерлерінің кескін-келбетін ашу үшін журналистің өз қолтаңбасы болатындығын осы көрсетілімнен көрініп тұрды. Қойылған сұрақтардың өзектілігі және Төлен ағаның жауабының нақтылығы, яғни қазақ тілі, әдебиеті мен мәдениеті, ұлттық кеңес туралы мағлұматтар жастарға ұнап, жазушы шығармалары туралы пікір, ой толғаныстарын жеткізді. «Парасат майданы», «Оң қол», «Әке», «Айтылмаған ақиқат», «Күзгі жапырақтар» атты әңгімелері мен повестері адам мінезінің құпия сырларына үңілуге, өмірдің мән-мағынасын түсінуге жетелейтін туындылар. Соның ішінде тәрбиелік мәні зор, дәл қазіргі қоғамда өмір сүріп отырған әр адамға ауадай әкенің ақылы, парасаты, қатқыл да жұмсақ қабағы керек сияқты. Романға бергісіз шағын «Әке» повесі жастарға ерекше әсер беретіндігі анық. Студент жастардың жақсы көретін жазушысы Төлен Әбдік екеніне куә болдық. Біздің оқырмандар үшін тәлім-тәрбиесі мол тағлымды сабақ болды.

Пікір үстеу

Әлеуметтік желі арқылы кіру

Ресурстар

polpred_banner


 

Мұрағаттар

Мекен-жайы: 010008 Астана қ., Тәуелсіздік, 50
E-mail: librarykazuniart@mail.ru
Яндекс.Метрика