Home » Жаңалықтар » Тәуелсіздік әр шаңырақта

Міне, тағы бір жыл, ХХІ ғасырдың он жетінші жылы тарихқа айналып барады. Өткен күндердің бәрі – берекелі істермен қымбат. Ғасырдың қанжығасынан сусып түсіп бара жатқан 2017 жыл – біз үшін енді қайтып оралмайтындығымен ғана емес, ұлттық парасаттылықпен, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық жолдауы негізінде атқарылған игіліктерімен құнды. Еліміздің тарихымен сол тарихты жасаушы тұлғалармен тығыз байланысты. Тәуелсіздік тойын ерекше қарсы алып отырған тұлғалардың бірі – Әкім Тарази, өзінің жанұясы және шәкірттерімен бірге. Бұл жанұлялық мектеп. Өйткені, біздің тарихымыз халықтың мәртебелі мектебінен шыққан.

Мұндай ой бүгін Қазақ ұлттық университетінде оқырмандарға «Ә.Тарази шығармаларындағы тәуелсіздік» тақырыбында дәріс оқылған кезде ойға орала кетті. Дәрісті екі бірдей байқаудың ҚР Президенті Әкімшілігі мен Мәдениет және спорт министрлігі қолдау көрсеткен  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламада белгіленген міндеттерді ілгерілетуге ықпал ету мақсатында ұйымдастырылған І «Рух» халықаралық әдеби байқауының және «АУЫЛ» партиясы мен «Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталының» ұйымдастыруымен өтетін ауыл тақырыбына арналған қаламгерлер арасындағы «Ауылым – алтын тұғырым» атты әдеби байқауының жеңімпазы, Әкім ағаның шәкірті Ұларбек Нұрғалым жүргізді.

Жазушы шығармаларындағы көркемдік идеялық ізденістер, бейнелеу тәсілдері, әр кейіпкерінің өмір тағдыры мен оның еңбегі, болмыс бітімі, ой-сана бостандығы туралы баяндалды. Әр шығармасының басты кейіпкері жазушының өзі екендігі баяндалды.  Межеленген уақытта дәрісін қызықты өткізген Ұларбек Нұрғаламның шеберлігінде шек жоқ. Ол бірінші кезекте оқырмандарға ой салатын сұрақтармен аудиториясын өзіне  бағындырып алып, сабағын бастап кетті. Ойы орамды, тілі жатық, қағазсыз, жоғары деңгейдегі, руһты сабақ деген осындай, құрметті жастар. Оқырмандар Ә.Тарази шығармаларына тағы бір саяхат жасап қайты. Мұндай мазмұнды сабақтың жастар үшін берері мол. Кітапты оқудан, оны таныстырудан қасиетті іс жоқ шығар білген адамға. Осы бағытта «Ұстаз – шәкірт» байланысы жалғаса берсін. Абай Құнанбаев «Артық білім – кітапта» деп ақыл қосқан.

Саналы ғұмырын кітаппен байланыстырған Әкім Тарази өмірі мен өнегесін келешек ұрпаққа жеткізуде атқарылып жатқан істер болашақ үшін!

Әкім ағаның шаңырағының ұйтқысы Роза Мұқанова Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік толғауы» және «Мәңгілік ел» тақырыбындағы театрға арналған үздік пьеса номинациясын «Ешкімде кінәлі емес» туындысымен жеңімпаз атанды.  

Міне, бір шаңырақтың Тәуелсіздік тойына тартуы.

Пікір үстеу

Әлеуметтік желі арқылы кіру

Ресурстар

polpred_banner


 

Мұрағаттар

Мекен-жайы: 010008 Астана қ., Тәуелсіздік, 50
E-mail: librarykazuniart@mail.ru
Яндекс.Метрика