Home » Жаңалықтар » 20 жылдыққа – 20 сабақ

Ақпараттық-кітапхана қызметі жастар арасында кітап оқуды сәнге айналдыру, отандық және әлемдік әдебиеттің терең мұраларын танып-білген, рухани дүниемен сусындаған, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру мақсатында «20 жылдыққа – 20 сабақ» жобасын жүргізе бастады.

Сабақ кітапхананың мерзімді басылымдар залында әрбір сәрсенбі күндері өткізіліп келеді.

Алғашқы сабақ 8 қарашада Қазақстан Республикасының Кинофотоқұжаттар мен дыбысжазбалар архивінің қорынан алынған кинохроника көрсетуден басталды. Сабақ Архив тарихына қысқаша тоқталып өтіп, 1927-1930 жылдары «Востоккино» студиясы түсірген қазақтардың тұрмысы, Алматы қаласының көрінісі, Түрксибтің салынуы туралы фильмдер, ХХ ғасырдағы қазақ мәдениеті мен өнерінің киножылнамасы көрсетілді.

Екінші сабақты 15 қарашада «Шығыс даналары: Конфуций, Фараби, Баласағұни» тақырыбында философия пәнінің оқытушысы Ермағанбетова Құралай Серғабылқызы жүргізді, шығыс даналарының ілімі, рухани құндылықтары мен өмірлік ұстанымдарына тоқталды.

Келесі сабақты 22 қарашада  «Әкім Таразидің «Тұлпардың ізі» фильмі қалай түсірілді?» тақырыбымен киносыншы, профессор Назира Рахманқызы жалғастырды. Ф. Шарипова, А. Әшімов, К. Кенжетаев, Х. Бөкеева,  т.б. кино өнерінің саңлақтарының қатысуымен 1965 жылы экранға шыққан фильмде мал шаруашылығындағы ауыл өмірі, кейіпкерлерінің ішкі психологиясы мен жаңашылдыққа бетбұрысы шынайы берілгенін атап өтті, соңында фильм көрсетілді.   

29 қарашада өнертанушы Ардақ Кеңесқызы Юсупова «Әбілхан Қастеев және Қазақстандағы бейнелеу өнері» тақырыбында студенттерге қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі Әбілхан Қастеевтің өмірі мен творчествосына шолу жасады, беймәлім фотосуреттер мен кескіндемелерімен таныстырды.

6 желтоқсанда кезекті сабақ жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері. Қырғызстанның халық жазушысы Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына орай «Айтматов сабақтары. Философиялық сағат» тақырыбымен Тұрсынай Мырзабекқызы Кунекова жүргізді. Айтматов шығармаларының әлем жазушыларымен сабақтастығы туралы ой қозғалды, фильмдерінен үзінді көрсетілді, шығармаларынан қысқаша үзінділер оқылды, студенттер өз пікірлерімен бөлісті.

12 желтоқсанда еренкше дәріс – өтті. Тақырыбы «Ә.Тарази шығармаларындағы тәуелсіздік». Дәрісті  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында белгіленген міндеттерді ілгерілетуге ықпал ету мақсатында ұйымдастырылған І «Рух» халықаралық әдеби байқауының жеңімпазы, ақын Ұларбек Нұрғалым жүргізді. Жазушы шығармаларындағы көркемдік идеялық ізденістер, бейнелеу тәсілдері, әр кейіпкерінің өмір тағдыры мен оның еңбегі, болмыс бітімі, ой-сана бостандығы туралы баяндалды. Әр шығармасының басты кейіпкері жазушының өзі екендігі көрініп тұрады. Оқырмандар Ә.Тарази шығармаларына тағы бір саяхат жасап қайты. Мұндай мазмұнды сабақтың жастар үшін берері мол. Кітапты оқудан, оны таныстырудан қасиетті іс жоқ шығар білген адамға деген оймен тарастық!

Пікір үстеу

Әлеуметтік желі арқылы кіру

Ресурстар

polpred_banner


 

Мұрағаттар

Мекен-жайы: 010008 Астана қ., Тәуелсіздік, 50
E-mail: librarykazuniart@mail.ru
Яндекс.Метрика