Home » Жаңалықтар » Ұрпақ сабақтастығы

«Біз кешегі ұлы ағаларымыздың алдын көрген бақытты ұрпақпыз. М.Әуезов – бізге үш жыл қатарынан «Қазақ ауыз әдебиетінен», «Абайтану» және «Манас» жырынан, «КСРО халықтары әдебиетінен»; З.Қабдолов – «Әдебиеттану», «Әдебиет теориясы» пәндерінен; Е.Ысмайылов – «Қазақ ақындарынан», Б.Кенжебаев – «ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінен», М.Қаратаев – «Әдебиет сынынан», Т.Нұртазин «Қазақ совет әдебиетінен» дәріс оқыды. Н.Сауранбаев, С.Кеңесбаев қазақ тілінен сабақ берді. Ұстаздарымыздың жүріс-тұрысының өзі легенда болатын. Қызыға қарап, бейне бір сахараның шөлінен шөліркеп келгендей ынтығып тыңдаушы едік». деп жазады – (М.Жолдасбеков күнделігінен) Мырзатай аға.
29 қараша күні Қазақ Ұлттық өнер университетінде Айман Мұсақажаеваның ұйымдастыруымен өткен «Атанғаным Мырзатай – Ел арқасы» атты әдеби-музыкалық кеш жастар мен қатысушыларға өмір мектебінен өткендей әсер қалдырды. Өйткені Мырзатай ағаның еңбек жолының өзі үлгі аларлық, мақтанарлық және тәлімгерлік жол. Ол кісінің бір ғана қасиетті ісіне тоқталар болсақ, кітапты көп оқиды, кітап жазады, халқына кітап сыйлайды. Сол себепті, Қазақ Ұлттық өнер университеті «Қазақстан. Өнер. Тұлға» сериясының кезекті шығарылымын мемлекет және қоғам қайраткері, түрколог-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбековке арналып отыр.
Университет кітапханасы қорына 2300-ден аса кітап сыйға тартты. Музыканттар үшін биыл жарыққа шыққан «Дүние, шіркін…» партитуралар жинағының орны ерекше. Мырзатай ағаның толғаныстан, терең тебіреністен туған әндері мен күйлері бар. Кітап өнерсүйер қауымға, музыкатанушы мамандар мен жалпы көпшілікке арналған.
Кітапхана қорын толықтыруға және оқу процесін жақсартуға қосқан үлесіңіз үшін алғыс білдіреміз! Сіздің алдыңызды көрген біз бақытты ұрпақпыз!

Пікір үстеу

Әлеуметтік желі арқылы кіру

Ресурстар

polpred_banner


 

Мұрағаттар

Мекен-жайы: 010008 Астана қ., Тәуелсіздік, 50
E-mail: librarykazuniart@mail.ru
Яндекс.Метрика