Home » Жаңалықтар » Кітапхана қоржыны жаңа кітаптармен толықты!

Қазақ ұлттық өнер университетінің ұстаздары Өздері еңбек ететін Өнер Ордасының кітапхана қорын байыту, шәкірттеріне, болашақ ұрпаққа аманат ретінде рухани сый – кітап сыйлауды дәстүрге айналдырған. Жаңа оқу жылы басталысымен кітап қоры жеке тұлғалардан 310 дана кітаппен толықты.
Владимир Александрович Шевченко: «Звучала музыка во мне», «Я любовь упустила среди суеты», «Веретено фантазии», «Рукописи, правда не горят», «Да поможет космический разум», Хорлан Ихсановна Қалиламбекова «Хорлан Қалиламбекованың орындауындағы Қазақстан композиторларының опералық ариялары» мен «Романсы и песни репертуара Хорлан Калиламбековой», Сара Аділгерейқызы Күзембай «Казахская музыка: национальная идея «Мәңгілік ел», Гүлнар Шаймерденқызы Солтанбаева «Мәңгілік өнер ою-өрнек тарихы», Ляззат Алпысбайқызы Жұманова «Сборник лирических пьес для скрипки в сопровождении фортепиано», Саида Абдрахимовна Еламанова «Базаралы Мүптекеев: ғалым-зерттеуші, бабалар мұрасын жинақтаушы, шертпе күй орындаушысы», Гайни Сейсенқызы Мұхтарова «Театр будущего: перспективы развития современного театра Казахстана», Кенжебай Бекович Бекбаев «Ару дала: Вокалдық шығармалар» , Майра Шорақызы Сарыбай «Қазақтың музыкалық аспаптары» кітаптары және Дина Маратовна Мосиенконың «Казахский музыкальный театр: история становления», Алиби Құттымбетұлы Абдинуровтың «Принципы формообразования и оркестрового письма в симфонических кюях композитров Казахстана» кандидаттық диссертациялары оқырман сұранысына сай келген құжаттар.
Ұлағатты ұстаздар Гүлнар Тұяқбаевна Альпеисова, Ардақ Кеңесовна Юсупова, Майра Тұрлыбекқызы Даулетбак құрастырған «Қазіргі заман музыкатану және этноорганология мәселелері», «Искусство и диалог культур: Х международная межвузовская научно-практическая конференция», «Р.Т. Багланова: Историко-культурное наследие творческой личности» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары кітапхана қорына түсті.
Барлық кітапхана қорын толықтыруға және оқу процесін жақсартуға үлес қосқан мамандарға алғыс білдіреміз!

Пікір үстеу

Әлеуметтік желі арқылы кіру

Ресурстар

polpred_banner


 

Мұрағаттар

Мекен-жайы: 010008 Астана қ., Тәуелсіздік, 50
E-mail: librarykazuniart@mail.ru
Яндекс.Метрика