Home » Жаңалықтар » «Заманауи музыкалық білім беру және этноорганологияның өзекті мәселелері»

Жаңа Жібек Жолы Халықаралық музыкалық ұйым Басшыларының Форумы аясында көрнекті ғалым, Қазақстанда этноорганологияның негізін салушы Болат Сарыбаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Заманауи музыкалық білім беру және этноорганологияның өзекті мәселелері» атты халықарарлық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Ақпараттық-кітапхана қызметі келушілер назарына «Болат Сарыбаев – көрнекті ғалым-этноорганолг» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Оған 100-ден аса құжаттар және Қазақстан Ұлттық музейі қорынан музыкатанушы, қазақтың ұлттық музыка аспаптарын жинаушы – Болат Сарыбаевтың жинақтаған 42 қазақтың көне музыкалық аспаптары (сыбызғы, сазсырнай, жетіген, үскірік, шертер, шаңқобыз т.б.) мен деректер қойылды. Шара аясында Қазақ ұлттық өнер университетінің Қорқыт Ата атындағы ҒЗИ ғылыми қызметкері С.Боранбаеваның құрастыруымен «Сарыбаев Б.Ш. Мақалалар мен материалдар» кітабының тұсаукесері өтіп, «Қазіргі заман музыкатану және этнография мәселелері» Б.Сарыбаевтың 90-жылдығына арналған халықаралық конференция материалдары жарық көрді.

Қайсар Сарыбаевтың басып шығаруымен Болат Сарыбаевтың «Қазақтың музыкалық аспаптары» атты кітабын конференция қонақтарына сыйға тартты. Бұл кітапта музыкалық аспаптар жайында кеңірек мағлұмат бере отырып, күні бүгінге дейін белгісіз болып келген күйлердің ноталары және көне аспаптар суреттері берілген.

Пікір үстеу

Әлеуметтік желі арқылы кіру

Ресурстар

polpred_banner


 

Мұрағаттар

Мекен-жайы: 010008 Астана қ., Тәуелсіздік, 50
E-mail: librarykazuniart@mail.ru
Яндекс.Метрика