Home » Жаңалықтар » Ұлы Жібек Жолы: Шығыс пен Батыс мәдениетінің байланысы

Бүкіләлемдік ЭКСПО-2017 көрмесінің Еуразия кіндігі Қазақстанда өтуі тарихи оқиға. Бұл Тәуелсіздіктің жемісі. Көрме Еуропа мен Азия елдері арасындағы барлық салалар дамуының алтын арқауына айналды. Күллі әлем назары қазір Астанада. Қазақ елінің абырой – беделі артып, экономикалық дамумен қатар мәдениет, өнер көкжиегі де кеңейуде.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақ ұлттық өнер университеті: «Болашақ энергиясы» Бүкіләлемдік ЭКСПО-2017 көрмесі аясында 2017 жылы 12-26 маусымы аралығында «Ұлы Жібек Жолы: Шығыс пен Батыс мәдениетінің байланысы» және  Жаңа Жібек Жолы Халықаралық музыкалық ұйым Басшыларының форумы,  «П.С. Чайковский атындағы Х Халықаралық жасөспірімдер байқауын» ұйымдастырып отыр.

Елбасы Н.Назарбаев: «Көптеген тарихи шежіре нақ Орталық Қазақстан даласы арқылы бір кездері біздің заманымыздың алғашқы мың жылдығының орта шамасында Еуразияның Батысы мен Шығысын жалғастырған Ұлы жол өткенін айғақтайды. Еуропа мен Азия мемлекеттері арасындағы сауда қатынастары дамыған және нығайған сайын адамзат тарихындағы ең заманауи құбылыстардың  бірі – Ұлы Жібек жолы бірте – бірте қалыптасты. Тура осы Жібек жолының тарам – тарам тармақтары мен салалары бойында өзіне көшпелі және отырықшы мәдениеттер белгілерін тамаша сіңірген бірегей әрі өзгеше Дала өркениеті қалыптасты». – деп атап көрсеткеніндей осы шаралар Бүкіләлемдік ЭКСПО-2017 көрмесі күндері Шығыс пен Батыс мәдениетінің диалог алаңына айналары сөзсіз.

Жаңа Жібек Жолы Халықаралық музыкалық ұйым Басшыларының Форумы аясында көрнекті ғалым, Қазақстанда этноорганологияның негізін салушы Болат Сарыбаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Заманауи музыкалық білім беру және этноорганологияның өзекті мәселелері» атты халықарарлық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Ақпараттық-кітапхана қызметі келушілер назарына 500-ден аса құжаттардан тұратын кітап көрмесін  және Қазақстан Ұлттық музейі қорынан музыкатанушы, қазақтың ұлттық музыка аспаптарын жинаушы – Болат Сарыбаевтың жинақтаған 42 қазақтың көне музыкалық аспаптары (сыбызғысазсырнай, жетіген, үскірікшертершаңқобыздабылдаңғыра, т.б.) мен деректер ұсынылды. Шара аясында Қазақ ұлттық өнер университетінің Қорқыт Ата атындағы ҒЗИ ғылыми қызметкері С.Боранбаеваның құрастыруымен «Сарыбаев Б.Ш. Мақалалар мен материалдар» кітабының тұсаукесері өтіп, «Қазіргі заман музыкатану және этнография мәселелері» Б.Сарыбаевтың 90-жылдығына арналған халықаралық конференция материалдары жарық көрді.

Сонымен қатар, П.С. Чайковский атындағы Х Халықаралық жасөспірімдер байқауы аясында «Қазақстанның аспаптық орындаушылық өнері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Университеттің әлемдік деңгейдегі шығармашылық жетістіктері және танымал концерт залдарында көрсеткен өнерлері жайлы құжаттар қойылды. Мысалы, Австрия (Вена), Чехия (Прага), Венгрия (Будапешт), Ұлыбритания (Лондон) және Москва П.И.Чайковский атындағы Мәскеу Мемлекеттік консерваториясының Үлкен залында т.б.   өткізген концерттері туралы құжаттар, оқытушылар кітаптары, электронды басылымдар қойылды.

Ұлы Жібек Жолы: Шығыс пен Батыс мәдениетінің байланысы жылдан – жылға арта түседі. Біз жұмысымыздың ұлттық руханиятты, мәдениетімізді дамытуға, білімді, кітап пен оқуды насихаттауға бағытталып, әрі қарай да жалғасын табатынына сенімдіміз.

Пікір үстеу

Әлеуметтік желі арқылы кіру

Ресурстар

polpred_banner


 

Мұрағаттар

Мекен-жайы: 010008 Астана қ., Тәуелсіздік, 50
E-mail: librarykazuniart@mail.ru
Яндекс.Метрика