Home » Жаңалықтар » «Оқы. Шабыттан. Жаса.»

Оқырман назарына!

Құрметті студенттер, оқушылар!

Қазақ ұлттық өнер университетінің Ақпараттық-кітапхана қызметі мен «Казконтент» АҚ «Әдебиет порталы» (www.adebiportal.kz ) жоғары оқу орнының студенттері мен арнайы орта оқу орындарының оқушылары арасында Қазақ ұлттық өнер университетінің (2018 ж.) 20 жылдығына орай  «20 жылдыққа – 20+2 кітап» жобасы аясында «Оқы. Шабыттан. Жаса.» атты республикалық Байқауын жариялайды.

«20 жылдыққа – 20+2 кітап» жобасы аясында көрсетілген кітаптарды жазғы демалыс және бос уақыттарыңызда оқып шығуға кеңес береміз. Кітаптарды «Әдебиет порталы» интернет-жобасынан арнайы баннерде көрсетілген QR code арқылы онлайн түрде немесе Университет кітапханасынан алып оқуға болады.

Байқауға қатысуға ниет білдірген студент жастар мен оқушылар аталмыш жобадағы кітаптарды оқып шығып, ұнаған шығарма желісінде киносценарий, драмалық шығарма, поэзия, қысқаша мазмұн, эссе, музыкалық шығарма немесе сурет, мүсін, қысқа метражды кино (ролик, трейлер), фото, жарнама түрінде шығармашылық материалдарын «Әдебиет порталындағы» «Ашық мінбер» әдеби блогына («20 жылдыққа – 20+2 кітап» жобасына) деп 2017 жылғы 1 қарашасына дейін орналастыруға тиісті. Әдеби блог хештегі #Оқы #Шабыттан #Жаса.  Шығармашылық материалдардың түпнұсқасы Университет кітапханасына өткізілуі тиіс. Іске сәт!

БАЙҚАУ ЕРЕЖЕСІН ОСЫ СІЛТЕМЕДЕН ЖҮКТЕУГЕ БОЛАДЫ: БАЙҚАУ ЕРЕЖЕСІ

Әрбір студент оқу үшін ұсынылған кітаптар:

  • Әл Фараби. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» // «Трактат о взглядах жителей добродетельного города».
  • Конфуций. «Лунь Юй».
  • Жүсіп Баласағұни. «Құтты білік» // «Благодатное знание».
  • Уильям Шекспир. «Кориолан», «Король Ричард III».
  • Абай. Қара сөздері мен өлеңдері // «Слова Назидания», стихи.
  • Мағжан Жұмабаев. «Сүй жан сәулем» жинағы.
  • Мұхтар Әуезов. «Хан Кене».
  • Ахмет Жұбанов. «Замана бұлбұлдары» // «Соловьи столетий».
  • Бауыржан Момышұлы. «Ұшқан ұя» // «Наша семья».
  • Әбіш Кекілбаев. «Шыңырау», «Ханша-дария».
  • Әкім Тарази. «Ауыл шетіндегі үй», «Болашаққа шегініс», «Андрей».
  • Олжас Сүлейменов. «Аз и Я»
  • Әшірбек Сығай. «Таңғажайып театр».
  • Мырзатай Жолдасбеков. «Асылдарым».
  • Төлен Әбдік. «Парасат майданы».
  • Оралхан Бөкей. «Атау кере».
  • Дулат Исабеков. «Қара шаңырақ» // «Отчий дом».
  • Роза Мұқанова. «Құдірет-кие» жинағы.
  • Райхан Ергалиева, Диляра Шарипова. «Абылхан Кастеев».
  • Багдаулет Аманов, Асия Мухамбетова. Казахская традиционная музыка и XX век.

 

Пікір үстеу

Әлеуметтік желі арқылы кіру

Ресурстар

polpred_banner


 

Мұрағаттар

Мекен-жайы: 010008 Астана қ., Тәуелсіздік, 50
E-mail: librarykazuniart@mail.ru
Яндекс.Метрика