Home » Жаңалықтар » ЕЛДІК ПЕН ЕРЛІК ҰРАНЫ

Ақпараттық-кітапхана қызметі Колледж және Мектеп кітапханасында Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл және 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай 8 сыныптың жетекшісі Нұрханова Майра Хасен қызының бастамасымен, 8 сынып оқушыларының қатысуымен Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлының ерлігі жайында баяндайтын және әдеби-шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш өтті.
Кеш барысында Б. Момышұлының жанды дауысы қосылған, интерактивті тақтадан презентация жасалып, оқушы Мұқият Мерей Б. Момышұлының жастарға айтып қалдырған ұлағатты сөзерін оқып, сондай-ақ оқушылар: Ақылбек Жалғас, Қуан Ажар, Көпбосынова Мереке, Еркін Тұрсынхан, Сипат Арыстан, Ұзақбай Дина, Байтенова Карина, Махметова Назеркенің орындауында батырға арналған өлең жолдары оқылса, Байзуллинов Мадияр мен Сұлтанов Ораздың орындауында күй, оқушылардан құралған «Ағайындылар» квартетінің орындауында «Туған жер», «Егемен ел Қазақстан» әндері, Көпбосынова Мереке, Байтенова Карина, Ұзақбай Динаның орындауында «Әлия» әндерін нақышын келтіре орындап кештің сәнін келтірді. Кеш барысында қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Ашикова Мәншүк Амангелдіқызы «Ерлік, Елдік туы» кітабындағы Б. Момышұлының ұлағатты сөздері, баталары жайында әңгімелеп берді. Бұдан соң кітапхана қызметкерлері Ж. Беккулова кеш аясында ұйымдастырылған «Елдік пен ерлік ұраны» тақырыбындағы кітап көрмесіне ақпараттық шолу жасап, сонымен қатар кітапхана қызметкері О. Абенова оқушыларды Қазақстан Республикасы Президенті – Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына қысқаша тоқталып, одағы «XXI ғасырдағы ұлттық сана» «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Білімнің салтанат құруы», патриоттыққа негізделген «Туған жер» бағдарламысын құру қажеттігі жайында жазылған тарауларына тоқтала келе, Ақпараттық- кітапхана қызметінің «20 жылдыққа – 20 +2 кітап» жобасы бойынша ұсынылған әдебиеттерді оқуға ұсынып және Республика ауқымында өтіп жатқан «Бір ел-бір кітап» акциясының аясында таңдалып алынған ақын С. Торайғыровтың шығармаларын оқуды тапсырып, жыл соңында оқушылар арасында пікір сайыстар өткізілетінін атап өтті. Кеш соңында көрермен ретінде информатика пәнінің мұғалімі Бекішова Ғазиза Есенқызы кештің өте әсерлі өткенін айтып ұстаздар мен оқушылар және кітапхана қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Материалды сайтқа ұсынған О. Абенова

Пікір үстеу

Әлеуметтік желі арқылы кіру

Ресурстар

polpred_banner


 

Мұрағаттар

Мекен-жайы: 010008 Астана қ., Тәуелсіздік, 50
E-mail: librarykazuniart@mail.ru
Яндекс.Метрика