Home » Жаңалықтар » «Ән тербеген әзіз жүрек»

Қазақстанда көп дауысты хор музыкасы жанрын қалыптастыруда ерекше еңбек еткен, аға ұрпақтың ішіндегі талантты композиторлардың бірі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, ұстаз Бақытжан Байқадамовтың туғанына 100 жыл. Оның «Почташы», «Ақ бидай», «Су тасушы қыз», «Алма ағаштар жайнайды», «Кел, достар», «Теміртау жастарының әні», хорға арналған шығармалары сол кездегі еңбек адамдарының сүйіп айтатын және оларды жасампаз өмірге жігерлендіретін туындыларға айналса, «Айгөлек», «Домбыра», «Сүйген сәулем», «Өзіңсің», «Бөбегім», «Майра», «Тойбастар», «Он алты қыз» т.б. балалық шақ, жастық шақ пен сүйіспеншілік сезіммен жырлайтын әндері күні бүгінге дейін тыңдаушыларын баурап, әншілеріміздің репертуарынан түспей келеді. Міне осындай қазақ музыка өнерінің дамуына мейлінше зор үлес қосқан тұлғаларымызды кеңінен насихаттау мақсатында оқу залында «Ән тербеген әзіз жүрек» атты кітап көрме ұйымдастырылды. Көрмеге Байқадамов, Б. Әндер, хорлар, Байқадамов, Б. Біз Отанның бөбегі 1991.- 101 бет., Байқадамов, Б. Хор поэмалары: а капелла хоры үшін жазылған төрт поэма, Ұзакбаева, С. Ұлт өнерін өрнектеген, Әнің болып төгілемін…: Қазақ әндерінің антологиясы композитордың шығармалары мен ол туралы жазылған әдебиеттер, газет-журнал беттеріне жарияланған материалдар қойылды.

Пікір үстеу

Әлеуметтік желі арқылы кіру

Ресурстар

polpred_banner


 

Мұрағаттар

Мекен-жайы: 010008 Астана қ., Тәуелсіздік, 50
E-mail: librarykazuniart@mail.ru
Яндекс.Метрика