Home » Жаңалықтар » Кітапхана қоржыны жас дарынның кітабымен толықты!

Талантты жас музыкант, композитор, пианист Рахат – би Абдысагин «Божественный путь» кітабын және ҚР Ұлттық ғылым академиясының хабаршысы журналын (2017 , №1) сыйға тартты. Журналда  ағылшын тілінде жарияланған («Contemporary music as an echo of time») «Заманауи музыка уақыттың жаңғырығы» мақаласында музыка эвалюциясы мен дәуірлік ғылыми-техникалық прогрестің іргелі, негізгі аспектілерінің өзара байланысы қарастырылған.

Кітаптан автордың рояль мен симфониялық оркестрге арналған «Қазақ рапсодиясы» тамаша туындысы туралы және оқырмандарға ой салатын көптеген мағлұматтарды оқи аласыздар.

«Дарын» сыйлығының иегері Рахат – би: «Қазақстанда осы заманауи тармақта музыка жазатын композитор көп емес. Менің ойым – осы заманауи классикалық музыканы бүкіл Қазақстан жастарына танымал ету және Батысқа Қазақстанда осындай дамыған музыка тармақтары бар екенін көрсету. Осы жағынан Қазақстан басқа мемлекеттермен тең болуына үлес қосқым келеді» деп еді. Арманың орындалсын талантты қазақ жігіті!

Пікір үстеу

Әлеуметтік желі арқылы кіру

Ресурстар

polpred_banner


 

Мұрағаттар

Мекен-жайы: 010008 Астана қ., Тәуелсіздік, 50
E-mail: librarykazuniart@mail.ru
Яндекс.Метрика