Home » Жаңалықтар » Ұжымда Әз – Наурыз!

Қазақ ұлттық өнер университетінің ұжымы 28 наурыз күні Ұлыстың Ұлы күнін кең көлемде атап өтті. Наурыз мейрамы кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «Той бастар» мерекелік шарасымен жалғасты. Наурыз – сенім мен достықтың, ел тұрақтылығының нышанын, ұжымның бірлігін айқындайтын мереке. Әлем әртісі, ректор Айман Мұсахаджаева Ұлыстың Ұлы күнімен және университет студенті Димаш Құдайбергеновтің жетістігімен құттықтап, алдағы кезеңде атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Наурыз ұжымның ең жақсы көретін және асыға күтетін мейрамы екенін қызметкерлердің көтеріңкі көңіл – күйі мен әр түрлі сайыстарға белсенді қатысқан іс-әрекетінен көрініп тұрды. «Салт – дәстүр сахналық қойылым» және «Мерекелік дастархан» сайыстары ұйымдастырылды. Әр факультет және қызмет түрлерінің арасындағы сайыстар өте қызықты өтті. «Салт – дәстүр сахналық қойылым» сайысы бойынша жүлделі орынды «Театр, кино және ТД факультеті», ал «Мерекелік дастархан» сайысынан «Ақпараттық-кітапхана қызметі» иеленді. Кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастырған «Асық ойыны» балалық шаққа саяқаттағандай әсер қалдырды. Өйткені, асық – қазақтың ұлттық ойыны. Кезінде қазақтың қаһарман батыры Бауыржан Момышұлы: «Асық – үлкен халықтық тəрбие. Ұлтымыздың дəстүрі мен мəдениетінің бастауы», – деп баға берген. Бұл күні ән-шырқалып, күй шертіліп, салт-дәстүрлеріміз қайта жаңғырды. Наурыздан – Наурызға аман-есен, толағай табыстармен жетейік!

Пікір үстеу

Әлеуметтік желі арқылы кіру

Ресурстар

polpred_banner


 

Мұрағаттар

Мекен-жайы: 010008 Астана қ., Тәуелсіздік, 50
E-mail: librarykazuniart@mail.ru
Яндекс.Метрика