Home » Жаңалықтар » «20 ЖЫЛДЫҚҚА – 20′ КІТАП» ЖОБАСЫ

Қазақ ұлттық өнер университеті Ақпараттық-кітапхана қызметінің
2017 жылы жастарға ұсынған «20 жылдыққа – 20′ кітап» жобасы

Елбасы – Ұлт көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың тікелей бастамасымен ашылған Қазақ ұлттық өнер университетіне 2018 жылы 20 жыл толады. Осы мерейтой қарсаңында ү.ж. ақпан айында өткізілген факультет күні аясында «20 жылдыққа – 20′ кітап» жобасы әзірленді. Жобаның мақсаты өз елінің тарихын, мәдениетін, рухани құндылықтарын терең меңгерген, әлеуеті биік, мәдениеті жоғары, көзі ашық, көкірегі ояу маман қалыптастыру үшін жастарды кітап оқуға үндеу, яғни студенттердің мәдени және білім деңгейін көтеру, оқу мәдениетін дамыту және қолдау. Жастар арасында кітап оқуды сәнге айналдыру қажет. Осы жобаны іске асыру арқылы студент жастарды өз саласында өнерді терең меңгеруге және кез-келген ортада өз пікірін ашық айтуға, өзін қорғауға тәрбиелеу. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Адам баласының бүкіл ғұмырындағы ең сенімді және ең сабырлы серігі – кітап», – деп атап өткеніндей, студент жастардың кітап оқуға ден қоюы бүгінгі күннің басты талабы.

Әрбір студент оқу үшін ұсынылған кітаптар:

  • Әбунасыр әл- Фараби. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» // «Трактат о взглядах жителей добродетельного города»;
  • Конфуций. «Лунь Юй»;
  • Жүсіп Баласағұни. «Құтты білік» // «Благодатное знание»;
  • Уильям Шекспир. «Кориолан», Король Ричар III;
  • Абай. Қара сөздері мен таңдамалы өлеңдері // «Слова Назидания», стихи;
  • Мағжан Жұмабаев. «Сүй жан сәулем» жинағы;
  • Мұхтар Әуезов. «Хан Кене»;
  • Ахмет Жұбанов. «Замана бұлбұлдары» // «Соловьи столетий»;
  • Бауыржан Момышұлы. «Ұшқан ұя» // «Наша семья»;
  • Әкім Тарази. «Ауыл шетіндегі үй», «Болашаққа шегініс», «Андрей»;
  • Олжас Сүлейменов. «Аз и Я»;
  • Әбіш Кекілбаев. «Шыңырау», «Ханша-дария»;
  • Мырзатай Жолдасбеков. «Асылдарым»;
  • Төлен Әбдік. «Парасат майданы»;
  • Оралхан Бөкей. «Атау кере»;
  • Дулат Исабеков. «Қара шаңырақ» // «Отчий дом»;
  • Роза Мұқанова. «Құдірет-кие» жинағы;
  • Әшірбек Сығай. «Таңғажайып театр»;
  • Лев Толстой «Крейцер сонатасы» жинағы, «Анна Каренина», «Сергей әулие» // «Крейцерова соната», «Отец Сергий», «Анна Каренина»;
  • Антон Чехов. «Жуан мен жіңішке» таңдамалы жинағы // Избранные рассказы;
  • Б. Аманов, А. Мухамбетова. «Казахская традиционная музыка и XX век»;
  • Р. Ергалиева, Д. Шарипова. «Абылхан Кастеев».

Пікір үстеу

Әлеуметтік желі арқылы кіру

Ресурстар

polpred_banner


 

Мұрағаттар

Мекен-жайы: 010008 Астана қ., Тәуелсіздік, 50
E-mail: librarykazuniart@mail.ru
Яндекс.Метрика