Home » Жаңалықтар » Тамаша сыйға мың алғыс!

Қазақ ұлттық өнер университеті Ақпараттық-кітапхана қызметінің кітап қорын толымдауының негізінің бірі – сый. Кітаптар және басқа да құжаттар қорға сый арқылы жинақталады. Сый ретінде басылымдар жеке тұлғалардан, мекемелерден, ұйымдардан ақысыз қабылданады. 2016 жылы 6444 құжатпен сый арқылы толықты. Заңды тұлғалардан – 4118, жеке тұлғалардан – 2325, соның ішінде біздің өнер университеті оқытушыларынан – 204 кітаппен қорымыз өсті.

Кітапхана қорына қосылған ғылыми, ғылыми-көпшілік, деректі (құжаттамалық), анықтамалық, көркем әдебиеттер және қазіргі заманғы кинотану, өнертану жайлы шетелдік кітаптар студенттердің қызығушылығын арттырды.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 3336 құжат, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы 250 кітап, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің фотоальбом кітабы», «Ғасырлар алтыны кітабы» және өте құнды 8 кітап тарту еткен Түркі академиясына ерекше алғысымызды білдіреміз.   Қорға түскен Жоэль Шапронның студенттермен кездесу кезінде өзі сыйлаған «Принцпы и механизмы финансирования французского кино», «Французский кинотеатр – аншлаг длиною в век» кітаптары кітапханада болуының өзі мақтаныш. Әрбір кітап кітапхана үшін өте маңызды, өйткені кітаптың қолдану аясы мен ғұмыры ұзартады, әрі рухани қолдау болып табылады. Кітапхана қорына сарқылмас рухани қазына ретінде берген кітаптарыңыз өзара ынтымақтастықты арттыра түседі.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Өзінің биік, таза, рухани қасиетімен Кітап – мәдениет пен руханиятты қорғауда теңдесі жоқ қару болып табылады. Кітап – адамзат баласына ағарту, білім сыйлай береді», -деген жоғары баға берген. 

Қазақ ұлттық өнер университеті кітапханасын толықтыруға атсалысқан барлық мекемелер мен азаматтарға алғысымыз шексіз!

Пікір үстеу

Әлеуметтік желі арқылы кіру

Ресурстар

polpred_banner


 

Мұрағаттар

Мекен-жайы: 010008 Астана қ., Тәуелсіздік, 50
E-mail: librarykazuniart@mail.ru
Яндекс.Метрика