Home » Жаңалықтар » Тағылымды кездесу кеші

20161129_170450Кітапхана Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерей тойы қарсаңында «Тәуелсіздік тірегі» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Кітап көрмесі Әлеуметтік ғылымдар кафедрасының «Мемлекет құндылықтары» тақырыбында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін жастарға кеңінен насихаттау мақсатында өткізген Қазақстан Республикасының елтаңба авторы, сәулетші, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің профессоры Жандарбек Мәлібекұлы Мәлібековпен кездесу кеші аясында ұйымдастырылды. Кештің ашылуында Әлеуметтік ғылымдар кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының профессоры Қасабекова Айнұр Илиясқызы, Көркемөнер факультеті Кескіндеме және мүсін кафедрасының профессоры Байқоңыр Изжановтар сөз сөйлеп Жандарбек Мәлібекұлымен таныстырып өтті.

Жандарбек Мәлібекұлы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Екпінді ауылының тумасы. Ташкент политехникалық институтының сәулет өнері факультетін бітірген. Өзбекстанның еңбегі сіңірген сәулетшісі, «Құрмет» орденінің иегері.

Кездесуде сәулетші студент жастарға өзінің осы салаға келген кезден бастап қазіргі таңда ел алдында атқарып келе жатқан жемісті еңбегінің қыр-сырымен бөлісіп, тағылымды ойларын әңгімелеп берді. Сондай-ақ сәулетші Елтаңбаны дайындау барысында Ұлы дала мәдениетін, салт-дәстүрін ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, адам бойындағы «Ақыл», «Сана», «Парасат» үш қасиетті негізге алып, өзіндік шығармашылық стилін қолданғаны туралы әсерлі етіп баяндап берді. Кездесу кеші барысында «Мәдениеттану» бөлімінің және Дәстүрлі музыкалық өнер факультетінің студенттері өз өнерлерін көрсетіп құрметті қонаққа арнау өлеңдер, Абайдың «Көзімнің қарасы» және патриоттық әндер орындап, видеороликтер көретілімі болды. Видеороликте Мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы баяндалды, сонымен қатар Ақпараттық-кітапхана қызметінің  басшысы Ғазиза Тұрмағанбетқызы Исахан Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығында кітапханаға келіп түсен жаңа басылымдар легімен таныстырып ақпараттық шолу жасады. Кеш соңы сұрақ-жауапқа ұласты, жиналғандар сәулетшінің өнеріне тәнті екендерін жеткізіп, алғыстарын білдірді. Көрмеге: Шаймерденов, Е.Ш. Қазақстан Республикасының мемлекеттік реміздері.- Алматы: Жеті жарғы, 2001.- 248 б.:, Шаймерденов, Е.Ш.  Елтаным. – Алматы: Экономика, 2005. – 304 б., Азбанбаев, М.А. Менің Қазақстаным – Жұмекен / Қарағанды: Арко, 2005.- 256 б.: суреттер, ноты., Абдрахманов, С. Тәуелсіздік шежіресі / С. Абдрахманов.- Астана: Елорда, 2001.- 328 бет., Жолдасбеков, М. Тәуелсіздік тағылымы: тарихи сөздер. мақалалар, сұхбаттар. – Астана: Күлтегін, 2012.- 480 б. Шахай, Ш. Тәуелсіздік: қас–қағым сәт: Кітап-альбом . – Алматы: Атамұра, 2006.- 384 б. т.б. көптеген әдебиеттер қойылды.

Пікір үстеу

Әлеуметтік желі арқылы кіру

Ресурстар

polpred_banner


 

Мұрағаттар

Мекен-жайы: 010008 Астана қ., Тәуелсіздік, 50
E-mail: librarykazuniart@mail.ru
Яндекс.Метрика