Home » Жаңалықтар » Халықаралық-ғылыми практикалық конференция аясында

Университетте Қорқыт ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен қараша айының 24-25 аралығында Ғалым, зерттеуші бабалар мұрасын жинақтаушы, шертпе күй орындаушысы Базаралы Мүптекеевті еске алу мақсатында «Халықтық дәстүрлі мәдениетті оқытудың теориялық және практикалық мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында «Базаралы Мүптекеев: ғалым, зерттеуші бабалар мұрасын жинақтаушы, шертпе күй орындаушысы» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге: Базаралы Мүптекевтің жетекшілігімен қорғалған магистрлік диссертациялар мен авторефераттар, ғылыми-практикалық конференциялар жинақтарына жарияланған мақалалары, фото-альбомдар, ноталы басылымдар қойылды. Мәселен, С. Медеубекулы мен Б. Мүптекеевтің бірлесіп шығарған Жетісу әуендері  Әндер жинағы.- Алматы: Өнер, 1998.- 240 бет., Базаралы Мүптекеев еске алу альбом-кітабы, Мүптекеев, Б.М.  Жетісудың күйлері / Базаралы Медеубекұлы Сағатбек Мүптекеев.- Алматы: Өнер, 1998.- 352 б., сонымен қатар электронды тасмалдағыш құралдар (CD, DVD дисклер): Мүптекеев, Б. Тел қоңыр: Сыбызғы күйлері / Базаралы Мүптекеев; Орындаушылар: Қ. Құмақайұлы, Қ. Ахмерұлы, С. Боғдахан т.б.- 27, 5 МБ.- Алматы-Баян-Өлгий, 2010.- 2 CD., сондай-ақ дәстүрлі музыкалық өнерге байланысты материалдар: Ақсақ құлан: Кетбұға бидің күй-мұрасы / Құрастырып, ғылыми түсініктемелерін жазған Ж. Жүзбай.- Астана: Өрнекбаспасы, 2015.- 88 б.: ноты+CD, Аманов, Б.Ж. Дәстүрлі қазақ музыкасы және XX ғасыр .- Астана: Мастер По, 2013.- 332 б.: суреттер, ноталар. З. С. Жәкішеваның Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары = Казахские традиционные музыкальные инструменты.- Алматы: Алматыкітап, 2008.- 232 б. Монографиясы, ICTM конференциясында сыйға берілген дәстүрлі музыкалық өнерге байланысты әдебиеттер, дискілер қойылды. Көрмені конференция қатысушылары: ЮНЕСКО-ның Тынық мұхит және Орталық-Азия аймақтары бойынша материалдық емес мәдени мұраларды сақтау орталығының директорының орынбасары Сейонг-Йонг Пак мырза бастаған шетелдік бір топ делегация өкілдері,  сонымен қатар Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Музыкатану кафедрасының доценті Алия Сабырова, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорының ғылыми қызметкері Алмагүл Кенжина тамашалап жылы лебіздерін білдірді.

Пікір үстеу

Әлеуметтік желі арқылы кіру

Ресурстар

polpred_banner


 

Мұрағаттар

Мекен-жайы: 010008 Астана қ., Тәуелсіздік, 50
E-mail: librarykazuniart@mail.ru
Яндекс.Метрика