Home » Жаңалықтар » Зерделі ойдың зергері

20161123_154421Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы қоғам қайраткері, Сайын Мұратбековтың туғанына 80 жыл толуына орайластырылып Университеттің Театр, кино және ТД факультеті өнертану кафедрасының ұйымдастыруымен «Жусан исі» атты әдеби-шығармашылық кешінің аясында кітапхана «Зерделі ойдың зергері» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрме: «Алтын ғасыр әдебиетінің маржаны», «Жусан иісті дарын», «Жүректің қылын тербеген» бөлімдер,  сонымен қатар жазушылар: Ғ. Мүсрепов, С.Әшімбаев, С. Елубай, Т.Ахтанов, Т.Жұртбайдың айтқан сөздерімен безендіріліп, көрмеге кітапхана қорындағы Сайын Мұратбековтың  көптомдық шығармалар жинағы, «Басында Үшқараның»,  «Жабайы алма», орыс тіліне аударылған «Горький запах полыни», «На вершине Ушкара» т.б. әңгімелері мен повестері ол туралы жазылған әдебиеттер, анықтамалық басылымдар,  газет-журнал беттеріне жарияланған Сайын Мұратбеков туралы мақалалар, фотосуреттер қойылды.  Көрмені әдеби кеш қонақтары: белгілі жазушылар, драматургтер, депутаттар, жазушының туысқандары, университет оқытушылары, студенттері көріп тамашалады.

Пікір үстеу

Әлеуметтік желі арқылы кіру

Ресурстар

polpred_banner


 

Мұрағаттар

Мекен-жайы: 010008 Астана қ., Тәуелсіздік, 50
E-mail: librarykazuniart@mail.ru
Яндекс.Метрика