Home » Жаңалықтар » «МЕН ЖӘНЕ КІТАП» ФОТОБӘЙГЕСІНІҢ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

IMG_926505.05.2016ж. Ақпараттық-кітапхана қызметінде 23 сәуір-Бүкіләлемдік кітап күні және авторлық құқық күні қарсаңында жарияланған «Мен және кітап» фотобәйгесінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Фотобәйгенің мақсаты: студенттердің кітап оқуға қызығушылығын және қоғамның әлеуеті мен мәдени құндылықтарын арттыру, кітапхана мәртебесін көтеру. Фотобәйгеге Театр, кино және ТД, Музыка, Мәдениеттану, Хореография, Дәстүрлі өнер факультеттерінің 1, 2 курс студенттері қатысты. Бір айға созылған фотобәйгеге  «Кескіндеме және мүсін» кафедрасының профессоры Ижанов Байқоңыр Ижанович бастаған қазылар мүшесі: «Сценография және сәндік өнер» кафедрасының оқытушысы Омарова Жанна Нұрхалықовна, «Кино және ТД» кафедрасының оқытушылары Пытыралиев Еркінбек Абайбекович және Ерубаев Мұхтар Қожамбиевич, Ақпараттық кітапхана қызметінің басшысы Исахан Ғазиза Тұрмағанбетқызы өздерінің таңдауларын жасап, жеңімпаздарды анықтады. Жинақталған фотосуреттер сарапталып әділ қазылар бір ауыздан 4 номинация бойынша марапаттау жөнінде шешім қабылдады.

  1. «Кәсіби шеберлігі үшін» операторлық өнер бөлімінің 1 курс студенті Балтабекова Күләш
  2. «Көркемдік ерекшелігі үшін» арт-менеджмент бөлімінің 1 курс студенті Қанатқызы Қазына
  3. «Шығармашылық ізденісі үшін» дәстүрлі өнер бөлімінің 1 курс студенті Темірбекова Әнел
  4. «Тақырыпты ашудағы ерекшелігі үшін» операторлық өнер бөлімінің 1 курс студенті Иркабаев Ришат марапатталды.

20160505_113719Сонымен қатар белгілі фототілші, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің жеке фотографы Шүкір Шахай өзінің арнайы сыйлығын Балтабекова Күләшқа табыс етті.

Жүлдегерлерге Қазақ ұлттық өнер университетінің сыйлық жиынтығы, сондай-ақ «Күлтегін» баспасының кітаптар жиынтығы тапсырылды. Іріктеуден өткен студенттеріміз кітапхананың арнайы тағайындаған сыйлықтары мен дипломдарымен марапатталды. Марапаттау рәсімінде университеттің ғылыми жұмыс жөніндегі проректор – Қойлыбаев Шырынбек Сәрсенбекұлы, тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор – Әліпбаев Тұрар Байдүйсекұлы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, өнертану кандидаты, кинотанушы, профессор Қазақ Ұлттық өнер университеті «Өнертану» кафедрасының меңгерушісі Нөгербек Бауыржан Рамазанұлы т.б. ұстаздар қатысып, өздерінің лебіздерін білдіріп, құттықтау сөз сөйледі. Фотобәйге қатысушыларын марапаттау рәсімі аясында кітапхана фотоөнер саласына байланысты кітап көрме ұйымдастырылып, елуге тарта әдебиеттер қойылды.

20160505_124104Көрмеге қойылған әдебиеттердің ішінде белгілі фототілші, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің жеке фотографы Шүкір Шахайдың. Тәуелсіздік : қас–қағым сәт [Мәтін]: Кітап-альбом.- Алматы: Атамұра, 2006.- 384 б.: суретті. кинорежиссер, сценарист Д. Өмірбаевтың, Тыныштық [Мәтін] = Тишина = Silence; Ағылшын тіліне аудару Neotech KZ; Дизайн А. Таукелова.- Алматы: Ruan, 2012.- 103 б., Қосай, Ренат Қ. Қазақстанның операторлық мектебі [Мәтін]. Б.1: Шығармашылық портреттер мен мақалалар жинағы / Ренат Қ. Қосай, Д.Ә. Маткерім, Г. Аспандиярқызы; Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы.- Алматы: Т. Жүргенов атындағы ҚазҚӨА, 2015.- 36 б., Қосай, Ренат Қ. Қазақстанның операторлық мектебі [Мәтін]. Б.2: Шығармашылық портреттер мен мақалалар жинағы / Ренат Қ. Қосай, Д.Ә. Маткерім, Г. Аспандиярқызы; Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы.- Алматы: Т. Жүргенов атындағы ҚазҚӨА, 2015.- 36 б., Волынец, М.М. Профессия: Оператор [Текст]: Учебное пособие / Марк Михайлович Волынец (оператор-постановщик; 1925).- 2-е издание переработанное и дополненное.- Москва: Аспект Пресс, 2012.- 184 с., Медынский, С.Е. Оператор: Пространство. Кадр [Текст]: Учебное пособие / Сергей Евгеньевич Медынский (оператор, режиссер, сценарист).- Москва: Аспект Пресс, 2015.- 111 с., Фототворчество России: История, развитие и современное состояние фотолюбительства [Текст]: К 150-летию фотографии / Автор текста В. Стигнеев; Составитель А. Баскаков; Художник Л. Клодт.- Москва: Планета, 1990.- 400 с.: фотографии., Карлсон, В. Настольная книга осветителя [Текст] / Верне Карлсон, Сильвия Карлсон; Перевод с английского Д. М. Демуровой; под редакцией С. В. Шульца; Вступление Д. Квод.- Москва: ГИТР; Флинта, 2004.- 320 с.: иллюстрации.- (Телемания)., Фото-74 [Текст] = Photo: Снимки советских фотомастеров и фотолюбителей / Составитель редколлегия журнала «Советское фото».- Москва: Планета, 1975.- 49 с.: иллюстрации. т.б. оқулықтар, альбомдар анықтамалық басылымдар қойылды.

Пікір үстеу

Әлеуметтік желі арқылы кіру

Ресурстар

polpred_banner


 

Мұрағаттар

Мекен-жайы: 010008 Астана қ., Тәуелсіздік, 50
E-mail: librarykazuniart@mail.ru
Яндекс.Метрика