Home » Жаңалықтар » «Тұлғалар тағылымы: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл»

17.02.2016 ж. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай Университеттің Ж. Жабаев залында Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының төрағасы, ақын, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Оразалинмен кездесу кеші өтті. Кеш барысында Н. Оразалин өзінің шығармашылығы туралы, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алу тарихы, жас мемлекетіміздің жеткен жетістіктері туралы университет студенттеріне баяндап берді. Тағылымды кеш аясында «Тұлғалар тағылымы: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» тақырыбында ауқымды кітап көрмесі жасалды. Көрме бес бөлімге бөлінді бірінші бөлімге ақын жырауларымыздың, ондағы «Жеті ғасыр жырлайды», Абай, Шәкәрім, Міржақып, Ахмет Байтұрсынов т.б Алаш арыстарының шығармашылығымен толықса, екінші бөлмге қазақ әдебиетінің қалыптасуы тарихы туралы жазылған ғылыми еңбектер, энциклопедия, анықтамалықтар, үшінші бөлімге Н. Оразалиннің шығармалары мен ол туралы материалдар фотосуреттер, төртінші бөлімге Н. Оразалиннің төрағалығымен «Алтын қалам» сериясямен басылып шыққан Қазақстанның белгілі жазушыларының көркем-әдеби басылымдары қойылды ал, бесінші бөлімге «Тәуелсіздік толғауы» сериясымен Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына басылып шыққан көркем туындылар мен қоса «Тәуелсіздік шежіресі», «Тәуелсіздік қас-қағым сәт» т.б. фото-альбом, энциклопедиялық басылымдар қойылды. Көрмеге кеш кейіпкері Н. Оразалин ризашылығын білідіріп, университет ректоры, профессор А. Мусахаджава жоғары бағасын берді.

Пікір үстеу

Әлеуметтік желі арқылы кіру

Ресурстар

polpred_banner


 

Мұрағаттар

Мекен-жайы: 010008 Астана қ., Тәуелсіздік, 50
E-mail: librarykazuniart@mail.ru
Яндекс.Метрика