Home » Жаңалықтар » Ораз Әбішев атындағы бірінші степендиаттарын марапаттау рәсімі

10.02. 2016 ж. Қазақ ұлттық өнер университеті Ж. Жабаев залында Ораз Әбішев атындағы бірінші степендиаттарын марапаттау рәсімі өтті. Шара Қазақ деректі киносының негізін қалаған белгілі кинорежиссер, Қазақ КСР-нің халық әртісі Ораз Әбішевтің 100 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылды. Шара барысында режиссер және оператор Болат Нүсімбековтың «Ораз Әбішев» деректі фильмі көрсетілді және Ораз Әбішев атындағы степендия табысталды. Бұл степендия «Ораз Абишев қоры» қоғамдық қор инициативасымен ерекше көзге түскен «Режиссура және ТВ», «Операторлық өнер» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттерге берілді. Степендиаттарды марапаттау рәсіміне Ораз Әбішевтің баласы мен немересі – Марат Әбішев және Қанат Әбішевтер, «Ораз Әбішев қоры» қоғамдық қор Президенті Шырын Мақсұтова, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, Қазақстанның Еңбек Ері Айман Мусахаджаева, ғалым, мемлекет қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, өнертану кандидаты, кинотанушы, профессор Б. Нөгербек, Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театрының көркемдік жетекшісі, режиссер Талғат Теменов, кинорежиссер, продюсер Рашид Нұғманов, кинотанушы, өнертану ғылымдарының кандидаты, доцент Назира Рахманқызы т.б. өнер және мәдениет қайраткерлері қатысты.

Степендиаттар ҚазҰӨУ «Театр, кино және ТВ» факультеті «Кино және ТВ» кафедрасының студенттері:

– Халиолла Рамазан – «Кино және телевизия режиссурасы» мамандығының 4 курс студенті;

– Мергенбаева Анар – «Авторлық телевизия режиссурасы» мамандығының 3 курс студенті;

– Рысқұлов Даулет – «Операторлық өнер» мамандығының 3 курс студенті.

Ақпараттық-кітапхана қызметі «Деректі киноның дарабозы» атты кең көлемді кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге университет оқытушысы, кинотанушы, өнертану ғылымдарының кандидаты, доцент Н. Рахманқызының, «Ораз Әбішев» 2007, «Кинорежиссер Ораз Әбішев» 1998 сонымен қатар, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, өнертану кандидаты, кинотанушы, профессор, Қазақ Ұлттық өнер университеті «Өнертану» кафедрасының меңгерушісі Б. Нөгербектің «На экране «Казахфильм» 2007, «Кино Казахстана» 1998, К. Айнагулова «Тенденции развития киноискусства Казахстана», «Документальное киноискусство 60-70-х годов» т. б. энциклопедия, анықтамалық басылымдар, мерзімді басылым беттеріне жарияланған материалдар, мұрағат құжаттары мен фотосуреттер қойылды.

Пікір үстеу

Әлеуметтік желі арқылы кіру

Ресурстар

polpred_banner


 

Мұрағаттар

Мекен-жайы: 010008 Астана қ., Тәуелсіздік, 50
E-mail: librarykazuniart@mail.ru
Яндекс.Метрика