Home » Жаңалықтар » «Кеңес Дүйсекеевтің ән әлемі»

11.02.2016 ж. Ақпараттық-кітапхана қызметі Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті композитор, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Кеңес Дүйсекеевтің 70 жасқа толу мерейтойы аясында «Кеңес Дүйсекеевтің ән әлемі» тақырыбында кітап көрме уйымдастырды. Көрмеге Кеңес Дүйсекеевтің «Өмір, өмір» 2013 CD диск, «Еркеледің сен» 1981, «Туған жер» 2013, «Сәлем саған, туған ел!» 1983 әр жылдары жарық көрген әндері жинағы және Асыл жарым , Біздің ауыл , Ғашық әнім «Жаңа ғасырға – жаңа ән» 2003 әндер жинағы, Бесік жыры – Колыбельная  «Фортепианоға арналған миниатюралар» 1982, Жайлау көші-Кочевье на джайлау «Камералық оркестрге арналған шығармалар» 1984, Алматым-әнім «Алматым жүрегімде» Алматы қаласы туралы поэзиялық және музыкалық шығармалар 2008, «Скерцо» Р.Қ. Мұсақожаева. «Арман» Қобызға арналған отандық сазгерлер шығармалары 2009, «Туған жер» Дирижерлеу пәніне арналған хор шығармаларының хрестоматиясы.1-бөлім 2004 т.б. ноталы басылым беттеріне жарияланған түрлі музыкалық жанрда жазылған романстар, әндер, токката, симфониялары өз алдына көрмені толықтыра түсті. Репертуарлар: Р. Рымбаева, С. Жұмағалиев, М. Жүнісова. М. Дәулетбақ сынды т.б. Қазақстан әншілерінің орындаундығы К. Дүйсекеевтің әндері қойылды. Сонымен қатар ол туралы жазылған газет-журнал мақалалар ұсынылды. Көрмені кеш қонақтары тамашалап, жақсы лебіздерін білдірді.

Пікір үстеу

Әлеуметтік желі арқылы кіру

Ресурстар

polpred_banner


 

Мұрағаттар

Мекен-жайы: 010008 Астана қ., Тәуелсіздік, 50
E-mail: librarykazuniart@mail.ru
Яндекс.Метрика