Home » Жаңалықтар » Ақпарат күні

2015 жыл 28-ші қазан күні кітапханада кезекті Ақпарат күні өтті. Ақпарат күнінде кітапханаға жаңадан келіп түскен кітаптардың виртуалды және дәстүрлі кітап көрмесі, 43-ші ICTM Дүниежүзілік дәстүрлі музыка конференциясының қатысушылары сыйға тарту еткен кітаптарына ұйымдастырылған «Музыка әлем елшісі» тақырыбындағы кітап көрмесі, мерзімді басылымдар көрмесі ұйымдастырылып, Анықтама-библиогафиялық және ақпараттық жұмыс бөлімінің жетекшісі О.Б. Абенова және кітапханашы Г.Б. Байдаулетова ақпараттық шолу жасап, Ақпараттық-кітапхана үрдісін автоматтандыру бөлімінің жетекшісі А.Е. Салыков кітапхана сайтын таныстырып, сонымен қатар отандық және әлемдік ресурстар, кітапхананың КАБИС жүйесіндегі деректер қоры туралы слайд жасап, кеңестер берді. Көрмеге 184 атаудан тұратын театр, кино және теледидар, көркемөнер, хореография, музыка, гуманитарлық пәндерге арналған жаңа кітаптар мен ноталы және мерзімді басылымдар қойылды.

Ақпарат күніне қатысқан Музыка факультетінің деканы Шегебаев Пернебек Шегебайұлы, Дәстүрлі өнер факультетінің профессоры Жүзбай Жанғали Әлімханұлы, Қазақстан тарихы және гуманитарлық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі Қасабекова Айнұр Ильясовна, Эстрада өнері кафедрасының меңгерушісі, доцент Дәулетбақ Майра Тұрлыбекқызы осындай шаралардың кітапханада жиі өткізіліп тұрса деген тілектерін білдірді. Өнертану кафедрасының оқытушысы Айдарова Минуар Муратовна және музыка, мәдениеттану, кинотану мамандықтарында білім алып жатқан студенттеріміз тыңдап, кітапханадан кинотека залы ашылса деген ұсыныс жасады.

Сондай-ақ, кітапхана басшысы Ғ.Т. Исахан Ақпарат күні аясында «Кітапханаға сый» жасаған, университет оқытушылары, Үмітжан Рахметоллақызы Жұмақова, Әліби Құттымбетұлы Әбдінұров, көркемөнер факультеті, университет мгистранты Манап Анықбеков, Жазушы, алаштанушы, «Отырар кітапханасы» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Тұрсын Жұртбай сынды кітапхана жанашырларына сыйға берген кітаптары үшін және Ақпарат күніне келген оқырмандарымызға алғысын білдірді.

Іс-шара соңында сауалнамалар таратылып, оқырмандар өздерін қзықтырған әдебиеттері электронды ресурстар туралы сұрақтар, кітаптардың түсіміне қатысты ойларын ортаға салып, көрмеге қойылған кітаптардың барлығы қызықты әрі оқу үрдісіне өте қажет екенін жеткізді.

Пікір үстеу

Әлеуметтік желі арқылы кіру

Ресурстар

polpred_banner


 

Мұрағаттар

Мекен-жайы: 010008 Астана қ., Тәуелсіздік, 50
E-mail: librarykazuniart@mail.ru
Яндекс.Метрика