Home » Жаңалықтар » Адамзат биігіндегі Абай

Қыркүйектің 17-сі күні  Қазақ ұлттық өнер университетінде Ф. Шопен атындағы кіші залда Қазақ ұлттық өнер университеті мен «Нұр Отан» партиясының бірігіп ұйымдастыруымен Ұлы ақын Абайдың (ИбраҺим Құнанбаев) туғанына 170 жыл толуына арналған «Ұлт перзентіне тағзым»  атты өнер сайысы өтті. Сайыстың мақсаты бар қазақтың төлқұжатына, ұлт даналығының эталонына айналған ұлы Абайды одан әрі дәріптеу, өскелең ұрпақтың санасына сіңіру. Өнер сайысына Қазақстанның әр облысынан студенттер қатысып, Абай өлеңдері мен әндерін нақышына келтіре орындап, өз өнерлерін ортаға салды. Абайтанушы, филология ғылымдарының докторы, академик Ғарифолла Есім, Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы, профессор, драматург-жазушы Роза Мұқанова, ақын Қалқаман Сарин бастаған Әділқазылар алқасы сайыскерлерге өз бағаларын берді.

Сайыс аясында Ақпараттық-кітапхана қызметі «Адамзат биігіндегі Абай» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге ұлы ақынның әдеби және музыкалық мұралары, ол туралы кітаптар қойылды. Атап айтар болсақ, әр жылдары жарық көрген Абай шығармаларының екі томдық толық жинағы,  Өлеңдері мен поэмалары, қара сөздері, аудармалары, сонымен қатар Абай сөзіне жазылған әндер мен күйлер  жинағы, «Өнер» баспасынан басылып шыққан «Абай әндері », «Айттым сәлем Каламкас» Партитурасы, «Әсем әуен халықта» атты дауыс пен фортепианоға арналып өңделген әндер жинағынан «Көзімнің қарасы» әні, К. Бекпаевтың құрастыруындағы «Абайдың өлеңдеріне жазылған әндер» жинағы және т.б.

Сонымен қатар, 1995 жылы Атамұра баспасынан жарық көрген «Абай» Энциклопедиясы, Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы, Ғ. Есімнің «Философский трактат об Абае»,  М. Мырзахметұлының «Абай және Шығыс» еңбектері, А.Қ. Жұбанов пен Л. Хамидидің «АБАЙ» Операсы,  Е. Үсеновтың «АБАЙ» Вокальдық-хореографиялық композициясы және Абай әндеріне жазылған «Фантазия» атты шығармалары, мерзімді басылым беттеріне жарияланған Абайдың өмірбаянына қатысты деректер мен шығармашылығына арналған мақалалар көрсетілді.  

Пікір үстеу

Әлеуметтік желі арқылы кіру

Ресурстар

polpred_banner


 

Мұрағаттар

Мекен-жайы: 010008 Астана қ., Тәуелсіздік, 50
E-mail: librarykazuniart@mail.ru
Яндекс.Метрика