Home » Жаңалықтар » ICTM Дүниежүзілік дәстүрлі музыка конференциясы

ICTM

2015 жыл 16-22 шілде аралығында Астанада 43-ші «ICTM Дүниежүзілік дәстүрлі  музыка конференциясы» өтті. Конференция Қазақ ұлттық өнер университетінде  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен «Түрксой» түркі  мәдениетінің халықаралық ұйымы қолдауымен, әлемнің 70-тен астам мемлекетінен  музыка саласын зерттеуші ғалымдар мен сарапшыларды, жиыны 800-ге жуық адамды  Елордаға жинады.

Бұл алқалы жиынның Елімізде өтуінің себебі – «әлемдік қоғамдастық тарапынан көпэтносты және көпконфессиялы Қазақстанға деген мәдени және ғылыми қызығушылықтың артып келе жатқанының дәлелі, сондай-ақ, Қазақстанның әлемдік ғылыми және мәдени кеңістікте беделді бола бастағанның бір белгісі» болып табылуында. Ел үкіметі бұл конференцияны – «еліміз үшін мемлекеттік маңызға ие тарихи, ғылыми және мәдени жоба» ретінде бағалап отыр. Айтулы  шара барысында дәстүрлі музыка мен бидің, жалпы алғанда ғаламшардағы мәдениеттің алған бағыты мен өзекті мәселелері талқыланды.

1947 жыдан бері дүниежүзінің түрлі аймақтарында екі жылда бір өтетін ICTM Дүниежүзілік конференциясы осымен 43-ші мәрте, ал елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Конференцияны ұйымдастыру комитетінің төрайымы болып университетіміздің ректоры, профессор, Қазақстанның Еңбек Ері Айман Мұсақожаева тағайындалды.

Конференцияның алғашқы күні шетелдік қонақтар Қазақ ұлттық өнер университеті ректорының бас болуымен оқу орны ұжымының көрсеткен концертін  тамашалады. Бұған қоса Қазақстан композиторларының шығармаларын қамтитын симфониялық және түркі музыкасы концерті бағдарламасы енгізілді. Конференция барысында қазақстандық және шетелдік музыка мамандары шеберлік сабақтарын өткізді. Солардың бірі университетіміздің «Дәстүрлі музыкалық өнер» факультетінің «Домбра» кафедрасының меңгерушісі профессор Жанғали Жүзбай қонақтарды шертпе күйдің қыр-сырына қанықтырса, университеттің Қорқыт атындағы ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Риза Әлмұханова «Қазақтың дәстүрлі мәдениетіндегі магиялық атрибуттар» тақырыбында баяндама жасады.

ICTM кеңесінің басты мақсаты – әлем  бойынша дәстүрлі музыка мен бидің зерттелуін дамыту, рухани мұралардың сақталуы мен оның құжатталуын, насихатталуын, кең таралуына ықпал жасау.

Осы мақсатта Ақпараттық-кітапхана қызметі конференция аясында, әлем елдерінің дәстүрлі музыкасы мен билері туралы жаңа кітаптар, зерттеулер мен аудио тасымалдағыштағы әуендер, фильмдер жиынтықтарынан құралған ауқымды кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге қойылған кітаптар, басқа да құжаттар OXFORD университеті баспасы, «Ashgete»баспасы және «Bookpoint.Ltd» компаниясының дәстүрлі музыка мен билерге қатысты шығарылған жаңа кітаптары кітап көрмесіне қою үшін «DHL International Kazakhstan» компаниясы арқылы  жеткізілді.  Сонымен қатар көрмеге Қазақстан, Ресей, Жапония, Қытай, Бразилия, Түркия, Оңтүстік Африка, Чехия, Ұлыбритания, Канада, Португалия сынды көптеген мемлекеттер өздерімен бірге алып келген дәстүрлі музыканың дамуына септігін тигізетін материалдар, жинақтар, оқулықтар мен электронды құралдар қойылды. Көрмеге: Доктор K.D. Lasanthi Manaranjanie. «Muzik и Лечебные Ритуалы Шри-Ланки» және Профессор Svanibor Pettan. «Косово через глаза logal romani (Цыган) muzicians», кітабы сыйға тартушы Проф.Svanibor Pettan 2 кітап, Любляна Университеті, Словения., Университет Айдахо Мемлекетінің Словения, Санубар Багирова, Баку, Азербайжан 3 кітап, Адыгей Мемлекеттік университеті, Өнер институтының профессоры Соколова Анна Николаевна (Ресей) 3 кітап,  АҚШ Оксфорд университетінің баспасынан «Оксфордское Руководство возрождения Muzik», «Оксфордское Руководство Прикладного Etnomuzikology», «The Oxford Handbook of Sound studies», «Rice T. Etnomuzikology» және т.б. 12 кітап сыйға берді. Alesh Sonneborn Smitsonyan институты АҚШ 53 CD және 1 кітап сыйға тарту етті. «Индия, s Kathak Танцуют в Историческом Perspektive», «Taarab Muzik в Занзибаре в Двадцатом Столетии»,  CD диски «Peru», «Uzbekistan», «Peaces Latinas», Султанова Разия  «Азербайджанские Дети поют mugham» («Azerbaijan Children sing mugham»), «С Шаманства в Суфизм», (Cambridge University) (UK) Кембридж университеті Ұлыбритания автордан, «Повторная зона действий Azadehfar. Структура Rhytmic в Иранском musik» Mohammad Reza 1 кітап, 10 CD сыйға тарту етті Azadehfar ТЕГЕРАНСКИЙ Aris УНИВЕРСИТЕТ,  Джани-заде Т.  (Ресей) «Музыкальная культура русского Туркестана» 1 кітап. Джумаева А. «Magam *raga* zeilenmelodik», «Paх sonoris» т.б. 7 кітап,  3 CD . Бердібай А. Р. (Қазақстан) «Қазақтың дәстүрлі әндерін зерттеу мәселері» автордан. «Jawaharlal Nehru» Мектебі Университета & Эстетики Искусств: Urmimala Sarkar Munsi,Ph.D. India сыйға берген кітаптары: «Пересечение традиций», «Станцуйте Превышение Границ», «Порождение Выполнения» («Engendering Performance»), Центр Sidnei Kanier Доктор Дональд Де Вито (Dr. Donald De Vito),  «Международный журнал музыкального образования», «СОГЛАШЕНИЕ об общей валюте Xiii», КНР «Традиционная музыкальная награда Taichi», «ЭМ Institute. J.Lawrence Witzleben. Шелк и Бамбук. Musik в Шанхае», «От участников» Басқа конференциаға қатысушылардан: 16 кітап, 1 DVD, 9 CD. Ictm Группа Изучений на Musik и Танцуют Океании «Traditionalism and Modernity in the Musik and Dance of Oceania», «Manfred Bartmann. Frisia Orientalis» 2 кітап. Сарымсакова А. С. (Қазақстан) «Жыр-күй и Ән-күй в домбровой традиции казахов и их роль в современной музыкальной культуре Казахстана» автордан. Шишкина Е.М.  «Традиционное музыкальное наследие немцев волжских немцев в прошлом и современности:проблемы этнической идентичности» автордан. Институт Изучений Папуа Новое Гвинея  13 кітап.  Университет Grana – 1 кітап. Ресейден «Восток и Запад:этническая идентичность и традиционное музыкальное наследие как диалог цивилизаций и культур. Материалы конференции» 1 кітап.

Бұл аталмыш кітаптар конференциядан кейін Қазақстан тарапына Қазақ ұлттық өнер университетінің кітапханасына сыйға тарту етілді.

Сайтқа материалды әзірлеген О. Б. Абенова, А. Д. Айтуарова

Сыйға берілген әдебиеттер тізімін және мұқабасын әзірлеген      Б. Н. Исабекова

Пікір үстеу

Әлеуметтік желі арқылы кіру

Ресурстар

polpred_banner


 

Мұрағаттар

Мекен-жайы: 010008 Астана қ., Тәуелсіздік, 50
E-mail: librarykazuniart@mail.ru
Яндекс.Метрика