Home » Жаңалықтар » Форум-2015

 2015 жылдың 10-12 маусым аралығында Астана қаласы, Назарбаев Университетінде «2015 Жоғары білім беру көшбашылары» Еуразиялық форумы аясында «Кітапханалық қарым-қатынас: жоғары оқу орындары кітапханаларының дамуындағы заманауи әлемдік тенденциялар – 2015» тақырыбында семинар өтіп, семинарда әлемдік ресурстардың АҚШ, Түркия.
Ресей елдеріндегі арнайы өкілдері әртүрлі тақырыпта лекциялар оқып, Назарбаев Университеті кітапханасының қызметкерлері мастер-класстар өткізіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинарда көтерілген басты тақырыптардың бірі, қазіргі таңда ЖОО ғалымдарының әлемдік электронды ресурстардың журналдарына жарияланым беруі және осы бағытта кітапханалардың атқаратын қызметі мен рөлі жайында, Мысалы: «Жоғары оқу орындарының ақпараттық-білім беру ортасын және студенттердің ақпараттық құзіретін қалыптастырудағы кітапхананың орны және ролі», «Институционалды репозиторилер: халықаралық ақпараттық кеңістіктегі университет көрінісіне демеу көрсетудегі олардың ролі және сипаттамасы», «Қазіргі жоғары оқу орын кітапханасы: жаңа айнала, жаңа жағдайлар, ғылым мен білім беру процесстерін біріктірудегі жаңа тетіктер», «Университет кітапханасы белсенді оқыту кеңістігі ретінде», «Ашық репазиторийлер. Кітапханалардың рөлі» т.б. тақырыптарда өрбіді.  Семинарға  ақпараттық-кітапхана қызметкерлері: кітапхана басшысы Ғ. Исахан, бөлім жетекшілері: К. Жумашева, О. Абенова, Қ. Шапиғазы және кітапханашы Б. Исабекова қатысып сертефикаттар алып қайтты.

Пікір үстеу

Әлеуметтік желі арқылы кіру

Ресурстар

polpred_banner


 

Мұрағаттар

Мекен-жайы: 010008 Астана қ., Тәуелсіздік, 50
E-mail: librarykazuniart@mail.ru
Яндекс.Метрика