Home » Жаңалықтар » Ұлы Ерлікпен – Ұлы Жеңіске

2015 жыл 5-ші мамыр күні Ұлы Отан соғысындағы  Жеңіске 70 жыл толуына орай университет ауқымында өткен үлкен концерт аясында «Ұлы Ерлікпен – Ұлы Жеңіске» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге соғыс тақырыбында жазылған көркем әдеби шығармалары: Бауыржан Момышұлының «Екі томдык шығармалар жинағы», Бауыржан Момышұлы туралы естеліктер, Д.Ф. Снегиннің «Наш Бауыржан», М. Хакімжанованың «Үш томдық шығармалар жинағы», А.М. Адамовичтің «Я из огненной деревни… Блокадная книга»,  «Өртеңге өскен қызғалдақтар…» Ұлы Отан соғысы кезінде шығарылған хат-өлеңдер әндер жинағы, С. Еркінбековтің «Ерлікке тағзым» партитурасы, «Жеңіс жыры»-«Песни победы»: Жеңістің 50 жылдығына арналған әндер жинағы, Песни Великой Отечественной войны из репертуара Дариги Назарбаевой,  «65-летию Великой Победы посвящается» Фильм. электрондық кітап, Б. Қасымованың «Қазақстанның қыздары-Ұлы Отан соғысы жылдарында «Жеңіс ! Победа !» фотоальбом т.б. соғыс жайлы фотоальбомдар, кинофильмдер тарихы, әндер, партитуралар, мұрағат құжаттары, фотосуреттер, карикатуралар қойылды. Сонымен қатар, университеттің ұстаз-ардагері, тарих ғылымдарының докторы, гуманитарлық ғылымдар академигі, профессор Шағила Әкімбайқызы Құсановаға арналған «Рухы мықты, ұлағаты мол, ұстаз-ана Құсанова Шағила Әкімбайқызы» мерзімді басылым беттеріне жарияланған мақалалармен, мұрағат құжаттарымен толықтырылған Ол туралы альбом және «Майдангер ғалым» Шағила Әкімбайқызының мақалаларының альбомы құрастырылып Шағила Әкімбайқызына сыйға тарту етілді.

Пікір үстеу

Әлеуметтік желі арқылы кіру

Ресурстар

polpred_banner


 

Мұрағаттар

Мекен-жайы: 010008 Астана қ., Тәуелсіздік, 50
E-mail: librarykazuniart@mail.ru
Яндекс.Метрика