Home » Жаңалықтар » Springer компаниясының оқу семинары

2015 ж. сәуір  айының 20-сы күні кітапханада Springer компаниясының оқу семинары өтті. Бүгінгі күні ақпараттар легінің үздіксіз өсуіне орай, кітапхананың ақпараттық рөлі де  арта түсуде.

Біздің мақсатымыз бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасының басты мақсаттарының бірі инновациялық технологияларға сүйене отырып, оқытушыларды, студенттерді дәстүрлі ақпарат көздерімен қоса электронды нұсқадағы ақпарат көздерін пайдалана білуге жол сілтеп, ақпаратқа  тез арада қол жеткізуіне жағдай жасау.

Осы мақсатта кітапханада университет оқытушылары мен магистранттарына, кітапхана қызметкерлеріне арналған Springer компаниясының «Инновациялық экономикада кадр даярлау үшін Springer ресурстарын пайдалану» («Использование ресурсов Springer для подготовки кадров инновационной экономики») деген тақырыпта семинар өтті. Семинарға қатысқан оқытушылар, магистранттар Springer ресурсындағы журналдарда мақалаларын қалай жариялау, пайдалану импакт фактор туралы толық мағлұмат алып, компания сайтына тіркелді. Семинар соңында тыңдаушыларға сертификаттар табыс етілді.

Пікір үстеу

Әлеуметтік желі арқылы кіру

Ресурстар

polpred_banner


 

Мұрағаттар

Мекен-жайы: 010008 Астана қ., Тәуелсіздік, 50
E-mail: librarykazuniart@mail.ru
Яндекс.Метрика