Home » Жаңалықтар » Халықаралық Театр күні!

2015 жыл сәуір айының 3-ші жұлдызында Қазақ ұлттық өнер университеті қабырғасында «Ес-аймақ» мәдени-танымдық бірлестігінің кезекті отырысы өтіп, бұл жолғы «Ес-аймақтың» төрінен елордамыздағы Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік  академиялық қазақ музыкалық драма театрының белді  әртістері орын алды. Олар: театр және кино актері Қуандық Қыстықбаев, Ержан Нұрымбет және жас актер Жасұлан Ерболат. Кезесу Халықаралық театр күні (27 наурыз Халықаралық театр күні) мерекесіне орай және болашақ театртанушылар,  ұстазы, университеттің профессоры, театртанушы Ә. Сығаймен бірлесе жазған «Қаллекеи театры» атты кітаптың жарық көруіне орай ұйымдастырылды. Кездесу кешіне «Театр, Кино, Актер» тақырыбында көрме жасалып, оқырмандарға Театр, кино және ТД факультетінің оқытушылары Әкім Тарази, Бауыржан Ногербек, Роза Мұқанова, Назира Мұқышева, Бақыт Нұрпейіс т.б. еңбектері, сонымен қатар «Кітапханаға кітап сыйлаймыз» акциясында сыйға берілген театр, кино өнеріне байланысты әдебиеттерге ақпараттық шолу жасалды. «Театр, кино, Актер» библиографиялық көрсеткіш, «Жаңа басылымдар бюллетені», «Сыйға берілген әдебиеттер бюллетені», «Магистерлік диссертациялар мен авторефераттар бюллетені» таратылды.

Пікір үстеу

Әлеуметтік желі арқылы кіру

Ресурстар

polpred_banner


 

Мұрағаттар

Мекен-жайы: 010008 Астана қ., Тәуелсіздік, 50
E-mail: librarykazuniart@mail.ru
Яндекс.Метрика