Home » Жаңалықтар » ІV Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2015 жыл наурыз айының 18-19 аралығында Астана қаласында Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Ғылыми кітапханасы, ҚР ЖОО кітапханаларының Ассоциациясы және Назарбаев Университеті  кітапханасы бірлесіп , «Университет кітапханаларын дамытудың жаңа бағыттары: тәжірибелер, мәселелер мен жетістіктер-2015» атты ІV Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Конференцияға ҚР Білім және ғылым министірлігінен, Оксфорд университеті (АҚШ), Ресейдің КОНЭК ЖАҚ электрондық ресурстар депортаментінен (Мәскеу), «БиблиоРоссика» ЭКЖ компаниясынан (Санкт-Петербург), Чехия, Польша елдерінің өкілдері және Thomson Reuters әлемдік ресурстар компаниясының Қазақстандағы өкілдері (Алматы), «Эвро» баспасының (Алматы), Kazakh Soft ЖШС (Алматы) т.б. компания өкілдері баяндамалар жасап, мастер-касстар, түрлі тақырыптарда слайдтар көрсетіп, пікір-талас, дөңгелек столдар, тәжірибе алмасулар болды. Сонымен қатар, Қазақстанның көптеген ЖОО кітапханаларының басшылары мен қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ, ҚазҰӨУ ақпараттық-кітапхана қызметкерлері: кітапхана басшысы Ғазиза Исахан және бөлім жетекшілері: Г. Жұмашева, О. Абенова, Г. Қанбаева, Қ. Шапиғазы қатысып,  кітапхана басшысы Ғ. Исахан «Мұрағат, кітапхана, мұражай: ақпарат және мәдениеттің біртұтас кеңістігінде» деген тақырыпта баяндама жасады.

Пікір үстеу

Әлеуметтік желі арқылы кіру

Ресурстар

polpred_banner


 

Мұрағаттар

Мекен-жайы: 010008 Астана қ., Тәуелсіздік, 50
E-mail: librarykazuniart@mail.ru
Яндекс.Метрика