Home » Жаңалықтар » 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы

Биыл 2015 жыл Елбасының Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы болып жарияланды. Айтулы жыл құрметіне университетте кездесу кеші ұйымдастырылып, еліміздің әр ұлт өкілінен тұратын  қоғам қайраткерлері: Қазақстан Республикасы Прламент Мәжілісінің депутаты, бұрынғы «Яшлык» тобының жетекшісі Мурат Абдуреимович Ахмадиев және Ноғай мәдени орталығының төрағасы, ҚР Мәдениет қайраткері Арыстанбек Сейтов студенттерімен кездесіп, «Қазақстан халықтарының этномәдени біртұтастығы» деген тақырыпта лекциялар оқып, слайдтар көрсетті. Кеш соңында қонақтар ән айтып өз өнерлерін көрсетіп және студенттеріміздің сұрақтарына жауап берді. Кездесу кешіне «Ұлттық келісім – Қазақстан тұрақтылығы мен дамуының негізі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Қазақстан Республикасының Конституциясы, Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халықтары Ассамблеясының 1-10 сессиясындағы баяндамалары жинағы, Нурсултан Назарбаевтың «Казахстан – территория мира и согласия», «G-GLOBAL-ХХІ ғасыр әлемі» деген еңбектері,  «Қазақстан халықтарының Ассамблеясына 10 жыл. 10 лет Ассамблее народов Казахстана» атты кітаптар және осы тақырып төңірегінде жазылған газет-журнал беттеріне жарияланған мақалалар қойылды. Көрмені кеш қонақтары, оқытушылар мен студенттері тамашалады. Алдағы уақытта көрмені кітапхана фойесінен қарап көруге болады.

Пікір үстеу

Әлеуметтік желі арқылы кіру

Ресурстар

polpred_banner


 

Мұрағаттар

Мекен-жайы: 010008 Астана қ., Тәуелсіздік, 50
E-mail: librarykazuniart@mail.ru
Яндекс.Метрика