Home » ҚазҰӨУ кітапханасын пайдалану ережесі

Қазақ Ұлттық Өнер Университеті кітапханасының пайдалану ЕРЕЖЕСІ

1.Жалпы ереже
1.1. Қазақ ұлттық өнер университетінің (бұдан әрі- Университет) кітапханасы «Шабыт» оқу корпусында орналасқан. Күндізгі оқыту түріндегі мынадай факультет студенттеріне қызмет көрсетеді: музыкалық, дәстүрлі өнер, театр, кино және телеарна, би өнері, бейнелеу өнері, әлеуметтік-гуманитарлық факультеттер, сонымен қатар профессорлық-оқытушылық  құрамы, магистранттарға және т.б.
1.2. Кітапханаға жазылу абонементте Университет оқырманы болып табылатынын растайтын құжатын және жеке куәлігін, екі фотосуретін (3х4 өлшемде) көрсете отырып тіркеу жүргізіледі.
1.3. Оқырманға кітапхананы пайдалану үшін оқырман билеті беріледі және оқырман формулярында жазылады. Кітапханаға жазылу кезінде оқырман ең алдымен, пайдалану ережесімен танысады және онда көрсетілген міндеттерді орындау үшін оқырман формулярына өз қолтаңбасын қалдыру арқылы растайды.
1.4. Оқырман билетінің пайдалану мерзімі – бір жыл. Жыл сайын кітапхана жазғы сессиядан кейін, өз оқырмандарына тиесілі әдебиеттерді көрсете отырып, қайта тіркеуден өткізеді және оқырман билеттерін ұзартады. Осыған орай оқырман қолда бар әдебиеттерін тапсыруы тиіс. Қайта тіркеуден өтпеген оқырманға келесі оқу жылында қызмет көрсетілмейді.
1.5. Оқырман Университеттен кеткен немесе шығарылған жағдайда өзіне тиесілі басылымды және оқырман билетін кітапханаға қайтарады. Профессорлық-оқытушылық құрамы, қызметкерлері және жоғары оқу бітірушілер оқу жылы аяғында кету қағазынан  өтеді
1.6. Кітапханадан кітапты, басқа да баспа басылымдарын және өзге де құжаттарды қабылдап алмас бұрын, басылымды мұқият тексеріп егер де қандай да бір ақау тапқан жағдайда дереу кезекші кітапханашыны хабардар етуі тиіс, олай болмаған жағдайда кітаптың бүлінуіне жауапкершілікті басылымды соңғы пайдаланған оқырман алады.
1.7.  Кітапхананы пайдалану ережесін бұзған немесе мүліктік залал келтірген оқырман, қолданыстағы заңнамада қарастырылған әкімшілік, материалдық және қылмыстық кітапхананы пайдалану ережесіне және жарғысына сәйкес жауапқа тартылады.
1.8. Басылымды жоғалтқан немесе бүлдірген оқырман, орнына дәл сондай басылымды әкеледі немесе кітапханаға тең бағалы болып табылатын басылыммен ауыстырады, егер басылымды ауыстыра алмаған жағдайда нақты нарықтық құнын 10 есе құнын өтейді.
1.9. Кітапхананы пайдалану тегін.

2. Абонементті  пайдалану  
2.1. Абонементте әдебиет үйге мына мерзімге беріледі:
* оқу әдебиеті семестрге немесе оқу жылында оқу бағдарламасына және оқу жоспарына сәйкес белгіленетін саны бойынша;
* ғылыми әдебиет 5 данадан артық емес 15 күнге;
* көркем әдебиет 3 данадан артық емес бір айға;
* өткен жылдардың мерзімді басылымдары 5 атау бойынша 20 күнге беріледі;
2.2. Пайдалану мерзімі егер басылымдарға оқырмандар тарапынан сұраныс болмаған жағдайда ұзартылуы, немесе басылым тек бір дана, немесе сұраныс көп болған жағдайда қысқартылуы мүмкін;
2.3. Оқырман алынған әрбір басылым  үшін кітап формулярына қол қояды.

3. Оқу залын пайдалану
3.1. Оқу залында кітап беру бірыңғай оқырман билеті бойынша жүргізіледі;
3.2. Оқырман әрбір басылым үшін  кітап формулярына қол қояды;
3.3. Оқу залына жеке және кітапхана кітаптарымен, газет-журналдармен және басқа да баспа басылымдарының кесінділерімен кіруге рұқсат етілмейді;
3.4. Кітапхана бөлімдерінде ұялы телефондар қолдануға тыйым салынады;
3.5. Әдебиеттерді оқу залынан шығаруға тыйым салынады.
Осы ережені бұзған жағдайда оқырман кітапхананы пайдалану құқығынан 1 ай мерзімге айрылады.

4. Оқырманның құқықтары мен міндеттері
Құқылы:
4.1. Кітаптар, ноталар, журналдар, газеттер және басқа да құжаттарды уақытша алуға, анықтама- библиографиялық және ақпараттық қызметті пайдалануға, картотекадан және каталогтан кітапхананың қоры туралы толық ақпарат алуына;
4.2. Оқу залында басылымдардың барлық түрлерін рұқсатсыз алып шықпай пайдалануына;
4.3. Ақпарат көздерін іздестіру мен таңдауда кеңес алуға;
4.4. Электрондық каталогтың мәліметтерін пайдалануға.
Міндетті:
4.5. Әдебиет алу үшін оқырман билетін көрсетіп, кітап формулярында алынған әрбір басылым үшін қол қоюға;
4.6. Кітаптарға, мерзімді басылымдарға, басқа да құжаттарға  және кітапхана мүлкіне ұқыптылықпен қарауға;
4.7. Кітапханадан алған басылымдарды белгіленген мерзімде қайтаруға;
4.8. Жазғы демалысқа, еңбек демалысына кетпес бұрын оқырман өзіне жаздырып алған әдебиеттерін тапсырып кетуге.

Рұқсат етілмейді:
4.9. Кітапханаға сырт киіммен кіруге;
4.10. Оқу залына сөмкемен кіруге;
4.11. Кітапхана бөлмелерінде тыныштық пен тәртіп бұзуға;
4.12. Кітапханадан өзі қол қоймаған кітаптарды алып шығуға;
4.13. Кітапхана басылымдарын бүлдіруге (оған белгі салу, сызу, парақтарын жыртып, мұқабасын мыжу және т.б.);
4.14. Қызмет бөлмелері мен кітап қоймасына рұқсатсыз кіруге;
4.15. Ереже бұзған оқырман кітапханада дайындалу құқығын жоғалтады;
*рұқсатсыз кітапты алып кетуі, тыныштық пен тәртіп бұзу – 1 ай;
*кітап, журналдардың мұқабасын мыжығаны және басқа баспалар парақтарын жыртқаны үшін – 6 ай.
Оқырмандардың әдепсіздік бұзушылығына қатысты құжаттар пайдалану Ережесі бойынша Университет Ректоратына қарауға беріледі.

5. Кітапхананың құқықтары мен міндеттері
5.1. Кітапхана Университет кітапханасының Ережесіне және кітапхананы Пайдалану Ережесіне сәйкес оқырмандарға қызмет жасайды.

Құқылы:
5.2. Берілген кітаптар мен басқа да басылымдардың кітапханаға уақытылы қайтарылуын үнемі бақылауға;
5.3. Кітапхананы пайдалану ережесін бұзған оқырмандарға айыппұл санкциясын қолдануға;
5.4. Оқырмандардан жоғалған немесе бүлінген басылымдардың нақты нарықтық құнын өндіруге, ал жоғалтқан немесе бүлінген басылымдарды алмастырудан бас тартқан жағдайда, кітапхана оқырманның жұмыс істейтін орнын немесе ата-анасына сол басылымның шынайы нарықтық құнын өндіріп алу мақсатымен нотариалдық органдарға жүгінуіне.

Міндетті:
5.5. Өз қызметінде гуманизм, саяси және идеологиялық плюрализм қағидаларын басшылыққа алуға;
5.6. Партиялар мен саяси қозғалыстарға қатысты саяси бейтараптық ұстануға;
5.7. Оқырмандарға кітапхананың барлық қорын пайдалануын қамтамасыз етуге;
5.8. Кітапханада оқырманның жұмыс істеуі үшін жағдай жасауға;
5.9. Көрсетілген қызметтің барлық түрі жөнінде оқырмандарға хабарлауға;
5.10. Жоғары мәдениетті қызмет жасауға мүмкіндік жасау, оқырмандарға керекті басылымды таңдауына көмек көрсету, каталогтар және картотекаларды пайдалануына ауызша кеңес жүргізу, кітап көрмелерін қйымдастыру, библиографиялық шолулар, ақпарат күндерін, кафедра күндерін өткізу, сондай-ақ компьютерлендіру мен озық технологияны енгізуге;
5.11. Оқырмандардың талап- тілегін зерттеп, толығымен қанағаттандыруға;
5.12. Қордағы кітаптар, мерзімді басылымдар, басқа да баспа басылымдарын есепке алу, сақтауға пайдаланылуын қамтамасыз етуге және ұлттық мәдени мұраның бір бөлігі болып табылатын өз қорларының сақталуы үшін жауап беруге;
5.13. Берілген кітаптың кітапханаға уақытылы тапсырылуына бақылау жүргізуге;
5.14. Кітапханашы оқырманнан әдебиетті қабылдау кезінде кітапты тексеріп алуға;
5.15. Оқырмандардың кітапханада сақталатын құжаттарды пайдалануына шектеу қоймауға.

АКҚ басшысы                                                                                                                             Ғ. Исахан

About

Пікір үстеу

Әлеуметтік желі арқылы кіру

Ресурстар

polpred_banner


 

Мұрағаттар

Мекен-жайы: 010008 Астана қ., Тәуелсіздік, 50
E-mail: librarykazuniart@mail.ru
Яндекс.Метрика