Home » Тарихы

Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің кітапханасы 1998 жылы Ақмола музыкалық колледжі кітапханасының негізінде құрылған. Кітапхана 20-жылдан аса бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беру бөлімі ретінде университеттің екі оқу ғимаратында оқырмандарға ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетеді.

Кітапхананың жалпы ауданы – 1272,8 шаршы метр, оның ішінде университет кітапханасының жайы – 855,3 шаршы метр, колледж бен мектеп кітапханасының жайы – 417,5 шаршы метр. Университеттің жаңа оқу ғимараты жоғары буын студенттеріне, магистранттар, профессорлық-оқытушылық құрамға қызмет көрсетуге арналған оқу залдарымен, сынып абонементімен, ноталық басылымдар абонементімен, көркем әдебиет абонементімен, медиатека және электрондық ресурстар, мерзімдік басылымдар залдарымен қамтамасыз етілген.​

Колледж ғимаратында оқу залы мен абонемент жұмыс жасаса, мектепте абонемент залы жұмыс істейді.

Кітапханада музыкалық әдебиеттер, көркем өнер, актерлық өнер, режиссура, хореография, сценография, фольклорға арналған кең ауқымды кітап қоры бар.

Кітапхана қоры – 168 675 дана кітап, оның ішінде қазақ тілінде – 76026 дана, орыс тілінде – 80379 дана, басқа тілдерде – 12 270 дана кітап, 302 атау бойынша 11319 дана мерзімді басылымдарды құрайды. Сонымен қатар, қор 2000-нан аса компакт-дискілер мен басқа да аудиовизуалды құралдармен жабдықталған.

Кітапханалық-библиографиялық жұмыс «КАБИС» автоматтандырыл-ған кітапханалық бағдарлама базасында орындалады. Кітаптардың, музыкалық шығармалар мен мақалалардың электронды каталогы, «Bookscan» ДБ – ҚазҰӨУ оқытушыларының еңбектерінің электронды базасы жасақталған. Сирек және жалғыз дана ноталық басылымдарды, профессорлық-оқытушылық құрам еңбектерін цифрлық жүйеге көшіру жұмысы жүйелі түрде жүргізілуде.

Кітапхана компьютерлермен, принтерлермен, сканер, аудио-бейне, DVD-аппараттары, телевизор, көшірме аппараттарымен, т.б. түрлі қажетті техникалық құралдармен жабдықталған. Оқырмандардың Интернетке еркін кіру мүмкіндігі бар.

Кітапханада «Платонус» бағдарламасы арқылы студенттер өз рейтингтерін көріп, біле алады.

Оқытушылар мен студенттерді қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында толық мәтінді электрондық деректер базасына қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасы ЖОО кітапханалар қауымдастығымен, Қазақ Ұлттық электронды кітапханасымен, Республикалық жоғары оқу орындары аралық электронды кітапханасымен, сонымен қатар, «Thomson Reuters-Web of science», «Springler-Springerlink» және т.б. әлемдік басылымдар мен баспа үйлерінің электрондық ақпараттық білім беру ресурстарына қол жетімділікті қамтамасыз ететін «Ғылыми-техникалық ақпараттың Ұлттық орталығы» АҚ-мен келісім-шарттарға қол қойылған.

ҚазҰӨУ-нің Ақпараттық-кітапхана қызметі «Назарбаев Университеті» кітапханасымен, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасымен, Қазақ Ұлттық Академиялық кітапханасымен, Құрманғазы атындағы Ұлттық консерватория кітапханасымен, Т.Жүргенов атындағы Ұлттық Өнер академиясы кітапханасымен, Л.Н. Гумилев атындағы Ұлттық Еуразиялық университет кітапханасымен тығыз байланыста жұмыс жасап келеді.

Ақпараттық-кітапхана қызметі – университеттің құрылымдық бөлімі ретінде оқу үрдісіне және білім шаңырағында өткізілетін іс-шараларға қатысып, қолдау көрсетіп отырады.  

About

Пікір үстеу

Әлеуметтік желі арқылы кіру

Ресурстар

polpred_banner


 

Мұрағаттар

Мекен-жайы: 010008 Астана қ., Тәуелсіздік, 50
E-mail: librarykazuniart@mail.ru
Яндекс.Метрика