Home » Миссиясы

Ақпараттық-кітапхана қызметінің негізгі миссиясы әлемдік заманауи талаптарға сай келетін, еліміздің мәдениет, білім және зерттеу орталығы ретінде ҚазҰӨУ-нің қалыптасуына үлес қосу. Оқытушылар мен студенттердің отандық және әлемдік ақпараттық ресурстарға қол жеткізуін қамтамасыз ету, сапалы кітапханалық қызмет көрсету жүйесін қалыптастыру.

Ақпараттық – кітапхана қызметінің міндеттері:

– заманауи технологияларды пайдалана отырып ҚазҰӨУ- нің ғылыми және оқу үрдісін ақпараттық қамтамасыз ету;

– ҚазҰӨУ-ті профессорлық-оқытушылық құрамының, студенттер және оқушылардың ақпараттық қажеттіліктеріне сай кітапхана қорын сапалы түрде қалыптастыру және ұйымдастыру;

– профессорлық-оқытушылық құрамға, студенттерге және оқушыларға сапалы және жедел түрде ақпараттық-библиографиялық қызмет ұсыну;

– кітапхана үрдісіне заманауи ақпараттық технологияларды енгізу;

– ақпараттық-кітапхана қызметінің жұмыс тәжірибесіне ең тиімді әдістерді, кітапхана еңбегінің тәсілдері мен түрлерін табу және енгізу;

– сыртқы және ішкі кәсіби байланыстарды дамыту;

– ақпараттық – кітапхана қызметі қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру.

About

Әлеуметтік желі арқылы кіру

Ресурстар

polpred_banner


 

Мұрағаттар

Мекен-жайы: 010008 Астана қ., Тәуелсіздік, 50
E-mail: librarykazuniart@mail.ru
Яндекс.Метрика